Қазақстанның Отбасы банкі жаңалықтары
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
«Нұрлы жол» бағдарламасына қатысу үшін өтініштерді қабылдау жолымен дауыс беру басталғаны туралы

«Нұрлы жол» бағдарламасына қатысу үшін өтініштерді қабылдау жолымен дауыс беру басталғаны туралы

31 мая 2017
Құрметті салымшылар!

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ (бұдан әрі - Банк) «Жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - ЖАО) арқылы несиелік тұрғын үйлердің құрылысы» бағыты бойынша «Нұрлы жол» бағдарламасына (бұдан әрі - Бағдарлама) қатысу үшін өтініштерді қабылдау жолымен тұрғын үй құрылысының жобаларын жүзеге асыру үшін дауыс беру басталғаны туралы хабарлайды.

Нысан: «Қостанай қаласы, Аэропорт ауданындағы № 36-37-38 көпқабатты тұрғын үйлер (сыртқы инженерлік желілерсіз)», Қостанай қаласы, Аэропорт ауданы, № 36-37-38 тұрғын үйлер мекенжайы бойынша орналасқан.
Құрылыстың жоспарлы аяқталу мерзімі: 2017 жылдың 31 тамыз айы.
Тұрғын үйдің 1 ш. м. бағасы: «таза» әрленгенде 140 000 теңге.
Жайлылық класы: 4
Пәтер саны: 108, олардың:
1-бөлм. пәтер түрі 1А: 54 пәтер, ең жоғарғы ауданы – 39,41 ш. м.
2-бөлм. пәтер түрі 2А: 27 пәтер, ең жоғарғы ауданы – 57,84 ш. м.
3-бөлм. пәтер түрі 3А: 27 пәтер, ең жоғарғы ауданы – 78,40 ш. м.
Қатысуға өтініш қабылдау мерзімі: 2017 жылғы 05 маусымнан бастап 04 шілдеге дейін.
Нысанға келісім жасау жағдайда, баллдарды есептеу күні (Үміткерлерді таңдау): 05.07.2017 ж.
Өтінішті: www.hcsbk.kz Банктің интернет-ресурсындағы «Жеке кабинетте/Интернет-банкте» беруге болады. Өтінішті берген күн мен уақыты өтініш берушінің иеленген ұпайларына және кезектілігіне әсер етпейді.
Өтініштер Банк салымшыларынан ғана қабылданады.
«ЖАО арқылы несиелік тұрғын үйлердің құрылысы» бағыты бойынша:
Нысанда тұрғын үйдің 50 %-дан кем емес ЖАО кезекке тұрғандар арасында іріктеу жүргізіледі.
Қатысуға өтініш берушілер немесе квалификацияны өткендер арасында ЖАО кезекке тұрғандардың саны жеткіліксіз болған кезде, тұрғын үйлердің іріктелуі Банктің салымшылары арасынан басқа өтініш берушілерге жүргізіледі.
Бағдарламаға қатысуға өтініштерді беру жолымен Банк салымшылары Нысан үшін және оның әрі қарай жүзеге асырылуына дауыс береді. Егер Банк өтініштерді қабылдау мерзімінің аяқталған кезде қабылданды:
- Банктің ішкі құжаттарына сәйкес анықталатын, салымшылармен берілген өтініштердің саны Нысанға келісім жасау үшін жеткілікті болған кезде, берілген өтініштер бойынша ұпайлар есептеледі;
- Банктің ішкі құжаттарына сәйкес анықталатын салымшылардың өтініштер саны жеткіліксіз болған жағдайда, берілген өтініштер автоматты түрде жойылады.
Банктің ішкі құжаттарына сәйкес, Банкке өтініштерді қабылдау мерзімі аяқталған кезде Нысанға келісім жасау үшін қажет салымшылармен берілген өтініштер жеткіліксіз болған жағдайда, берілген өтініштер автоматты түрде жойылады.
Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен, ғимарат қасбетінің суреттерімен, пәтерлердің жоспарлануымен Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсында «Қолжетімді тұрғын үй» бөлімінде толығырақ танысуға болады.
Қосымша сұрақтарыңыз болған кезде Банктің колл-орталығына: 300 нөміріне (ұялы телефоннан тегін) хабарласуға болады.
Бұл туралы бөлісіңіз:

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру