Қазақстанның Отбасы банкі жаңалықтары
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
«Нұрлы жол» бағдарламасына қатысу үшін Шымкент қаласындағы тұрғын үйге дауыс берудің басталғаны туралы

«Нұрлы жол» бағдарламасына қатысу үшін Шымкент қаласындағы тұрғын үйге дауыс берудің басталғаны туралы

15 сентября 2017
Құрметті салымшылар!

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ «Жергілікті атқарушы органдар» арқылы «Несиелік тұрғын үйлердің құрылысы» бағыты бойынша «Нұрлы жол» бағдарламасына қатысу үшін өтініштерді қабылдау жолымен тұрғын үй құрылысының жобаларын жүзеге асыру үшін дауыс беру басталғаны туралы хабарлайды.

Нысан: Шымкент қаласы, әкімшілік-іскерлік орталығында орналасқан темірбетон-монолитті, 11 қабатты тұрғын үйдің аумағына байланыстырылған (барлығы 12 үй) 9 қабатты тұрғын үйлер құрылысы (№15, №16, №17, №18, №19, №20, №21, №27, №28, №29, №30).


Құрылыстың жоспарлы аяқталу мерзімі: 2017 жылдың қараша айы.

Тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің бағасы : «таза» әрлеуде 140 000 теңге.

Жайлылық класы: 3.

Пәтер саны: 558.
1-бөлмелі: 186 пәтер, максималды ауданы – 37,59 ш.м.
2-бөлмелі: 186 пәтер, максималды ауданы – 58,81 ш.м.
3-бөлмелі: 186 пәтер, максималды ауданы – 73,66 ш.м.

Жобаға қатысу үшін өтініштерді қабылдау мерзімі: 2017 жылғы 20 қыркүйектен бастап 8 қазанға дейін (қоса алғанда).
Баллдарды есептеу күні (Үміткерлерді таңдау) (Нысанды келіскен жағдайда) : 2017 жылғы 9 қазан.
Іріктеу мерзімі (төлемқабілеттілігін бағалау): 16.10.2017 ж. бастап 10.11.2017 ж. дейін.
Тұрғын үй таңдау кезеңі: 16.10.2017ж. бастап 24.11.2017ж.
Тұрғын үйді бөлу күні: 25.11.2017ж.
Өтінішті Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы «Жеке кабинетте/Интернет-банкте» беруге болады. Өтініш беру күні және уақыты өтініш берушінің иеленген баллдары мен кезектілігіне әсер етпейді.

Өтініштер Банк салымшыларынан ғана қабылданады.

Нысандағы тұрғын үйлердің 50% -дан кем емес бөлігі ЖАО –ның кезегіндегілерге үлестіріледі. Қатысуға өтініш берген немесе квалификациядан өткен ЖАО-ның кезегіндегілер көлемі жетіспеген жағдайда, баспана Банк салымшылары арасынан өтініш бергендерге үлестіріледі.

Бағдарламаға қатысуға өтініш беру жолымен, Банк салымшылары нысанның өткізілуін ұйғару үшін дауыс береді. Нысанды ұйғару кезінде, салымшылардың берген өтініштері ары қарай бағдарламаға қатысу үшін қабылданады.

Банктің ішкі құжаттарына сәйкес, егер де Банк өтініштерді қабылдаудың соңғы күніне дейін нысанды ұйғару үшін салымшылардан жеткілікт көлемде өтініш қабылдай алмаса, берілген өтініштер автоматты түрде күшін жояды.

Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, Құрылыс нысанының сипаттамасымен, соның ішінде ғимарат қасбетін және пәтерлердің жоспарлануын Банктің www.hcsbk.kz интернет ресурсында егжей-тегжейлі танысып, көруге болады

Қосымша сұрақтарыңыз туындаған жағдайда Банктің Байланыс-орталығына хабарласуыңызды сұраймыз.
Бұл туралы бөлісіңіз:

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру