Қазақстанның Отбасы банкі жаңалықтары
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
«Нұрлы жол» бағдарламасына қатысу үшін өтініштерді қабылдау арқылы дауыс беру басталғаны туралы

«Нұрлы жол» бағдарламасына қатысу үшін өтініштерді қабылдау арқылы дауыс беру басталғаны туралы

2 февраля 2017
Құрметті салымшылар!

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ (әрі қарай-Банк) «Бәйтерек девелопмент» АҚ арқылы кредиттік тұрғын үй құрылысы бағыты бойынша «Нұрлы жол» бағдарламасына (әрі қарай - Бағдарлама) қатысу үшін өтініштерді қабылдау арқылы тұрғын үй құрылысы жобаларын іске асыруға дауыс беру туралы хабарлайды.

Нысан: 9 қабатты тұрғын үй, Қарағанды қаласы, 137 тіркелу кварталы, Республика даң. мен Гудермесская к. қиылысында орналасқан.
Құрылыстың жоспарлы аяқталу мерзімі: 2017 жылдың наурыз айы.
«Таза» әрленген тұрғын үйдің 1 ш.м. бағасы 160 000 теңге
Жайлылық класы: ІV- блок секция № 1, 2
Пәтер саны: 56
1-бөлмелі пәтер түрі: 12 пәтер, жоғарғы көлемі – 38,41 ш.м.
1-бөлмелі пәтер түрі: 12 пәтер, жоғарғы көлемі – 45,61 ш.м.
2-бөлмелі пәтер түрі: 16 пәтер, жоғарғы көлемі – 50,18 ш.м.
3-бөлмелі пәтер түрі: 16 пәтер, жоғарғы көлемі – 75,79 ш.м.

Жобаға қатысу үшін өтініш беру мерзімі: 06.02.2017 – 19.02.2017ж

Баллдарды есептеу күні (Үміткерлерді таңдау) (Нысанды келіскен жағдайда): 20.02.2017ж
Өтінішті Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы «Жеке кабинетте/Интернет-банкте» беруге болады. Өтініш беру күні және уақыты өтініш берушінің иеленген баллдары мен кезектілігіне әсер етпейді.
Өтініштер Банк салымшыларынан ғана қабылданады.
Банк салымшылары Бағдарламаға қатысу үшін өтініш беру арқылы Нысанды іске асыруға келісу үшін дауыс береді. Нысанды келісу кезінде, салымшылардың өтініштері әрі қарай Бағдарламаға қатысу үшін қабылданады. Банктің ішкі құжаттарына сәйкес салымшылардың өтініштерінің саны Нысанды келісу үшін өтініштерді қабылдауды аяқтау күніне дейін Банкке жеткілікті түрде берілмесе, берілген өтініштердің автоматты түрде күші жойылады.
Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, Құрылыс нысанының сипаттамасымен, соның ішінде ғимарат қасбетін және пәтерлердің жоспарлануын Банктің www.hcsbk.kz интернет ресурсында егжей-тегжейлі танысып, көруге болады.
Қосымша сұрақтарыңыз туындаған жағдайда Банктің Байланыс-орталығына хабарласуыңызды сұраймыз.
Бұл туралы бөлісіңіз:

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру