Қазақстанның Отбасы банкі жаңалықтары
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
«Нұрлы жер» бағдарламасы аясында тұрғын үйді пулды құрусыз өткізу туралы хабарландыру

«Нұрлы жер» бағдарламасы аясында тұрғын үйді пулды құрусыз өткізу туралы хабарландыру

8 июня 2020
Құрметті салымшылар!

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ «Несиелік тұрғын үй құрылысы. «Байтерек Девелопмент» АҚ несиелік тұрғын үй» бағыты бойынша «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында тұрғын үйді пулды құрусыз өткізу туралы хабарлайды.
Нысан:
1. Атырау қаласы, Балықшы тұрғын үй алабы, А.Байжігітов көшесі, 74 үй мекенжайы бойынша орналасқан «9 қабатты 72 пәтерлік тұрғын үй құрылысы», нысан коды- 265А;
2. Атырау қаласы, Балықшы тұрғын үй алабы, Бейбітшілік көшесі, 62 үй мекенжайы бойынша орналасқан «9 қабатты 72 пәтерлік тұрғын үй құрылысы», нысан коды-266А;
3. Атырау қаласы, Балықшы тұрғын үй алабы, А.Құнанбаев көшесі, 19 үй (№1,2 дақ) мекенжайы бойынша орналасқан «Екі 9-қабатты 72 пәтерлік тұрғын үй құрылысы», нысан коды-261А.

Құрылыстың аяқталу мерзімі: 26.06.2017 жыл
«Таза» әрлеуде тұрғын үйдің 1 ш.м. бағасы: 182 726,68 - 182 974 теңге аралығында
Жайлылық класы: 3
Пәтер саны: 5 (бес), оның ішінде:
Пәтер түрі: 1-бөлмелі – 4 пәтер, жалпы ауданы 39,5 шаршы метр.
Пәтер түрі: 2-бөлмелі – 1 пәтер, жалпы ауданы 63,72 шаршы метр.

«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасына қатысуға өтініш беру мерзімі: 2020 жылғы 08 маусымнан бастап 2020 жылғы 03 шілдеге дейін (қоса алғанда).

Бағдарламаға қатысуға өтініш беру baspana.kz интернет-ресурсында жүзеге асырылады.

Іріктеуден өту уақыты (төлемқабілеттілігін растау): тұрғын үйді брондау уақытынан бастап 5 (бес) күн ішінде.

Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, пәтерлерді бөлу тәртібімен, құрылыс нысанының сипаттамасымен, соның ішінде ғимарат қасбетін және пәтерлердің жоспарлануын Банктің www.hcsbk.kz интернет ресурсындағы «Қолжетімді тұрғын үй» бөлімінде және/немесе Банктің baspana.kz интернет-ресурсында егжей-тегжейлі танысып, көруге болады.


Өтініштер Банк салымшыларынан ғана қабылданады.



Бұл туралы бөлісіңіз:

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру