Қазақстанның Отбасы банкі жаңалықтары
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Нұр-Сұлтан қаласындағы нысан бойынша іріктеуден өту қажеттілігі туралы хабарлама

Нұр-Сұлтан қаласындағы нысан бойынша іріктеуден өту қажеттілігі туралы хабарлама

27 мая 2019
Құрметті салымшылар!

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ (бұдан әрі – Банк) Нысан құрылысының аяқталуына байланысты Іріктеуден (төлем қабілеттілігін бағалаудан) өту қажеттілігі туралы хабарлайды.
Нысан: «Астана қаласындағы № 27 және № 36 (жобалық атауы) көшелердің қиылысында жапсарлас салынған орынжайлары бар көп пәтерлі тұрғын үй кешендері», Лот №1 (дақ-4,5).

Тұрғын үй кешенінің құрылыс алаңы Есіл өзенінің сол жақ жағалауында, Мәңгілік ел мен Ұлы Дала көшесінің қиылысында орналасқан. Жақын маңайда ҚР Президенті Іс басқармасының Автошаруашылығы РМК бар.

Тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің құны: «таза» әрлеуде: 180 000 (жүз сексен мың ) теңге.
Пәтер саны: 178
Пәтер түрі 1-бөлмелі пәтер: 36 пәтер, ең үлкен аумағы 37.09 ш.м.,
Пәтер түрі 2-бөлмелі пәтер: 64 пәтер, ең үлкен аумағы 61.74 ш.м.,
Пәтер түрі 3-бөлмелі пәтер: 50 пәтер, ең үлкен аумағы 81.45 ш.м.,
Пәтер түрі 2-бөлмелі пәтер: 28 пәтер, ең үлкен аумағы 101.50 ш.м.,

Іріктеу (төлем қабілеттілігін бағалау) мерзімі: 10.06.2019 жылдан бастап 09.07.2019 жыл аралығында
Тұрғын үйді таңдау кезеңі: 10.06.2019 жылдан бастап 28.07.2019 жыл аралығында
Тұрғын үйді бөлу күні: 29.07.2019 ж.
Банктің www.hcsbk.kz немесе baspana.kz интернет-ресурсында тұрғын үйді бөлу рәсімімен, іріктеуге (төлем қабілеттілігін бағалауға) қажетті құжаттар тізімімен, ғимарат қасбетінің фото-суреттерімен және пәтерлердің жоспарымен танысуға болады.







Бұл туралы бөлісіңіз:

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру