Қазақстанның Отбасы банкі жаңалықтары
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Нұр-Сұлтан қ. «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасына қатысуға өтініш қабылдау арқылы дауыс берудің басталатыны туралы

Нұр-Сұлтан қ. «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасына қатысуға өтініш қабылдау арқылы дауыс берудің басталатыны туралы

5 апреля 2019
Құрметті салымшылар!

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ (бұдан әрі-Банк) «Кредиттік тұрғын үй құрылысы» бағыты бойынша «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасына қатысуға өтініштер қабылдау арқылы тұрғын үй құрылысы жобаларын іске асыру үшін дауыс беру туралы хабарлайды.

Нысан: «Нұр-Сұлтан қаласындағы № 27 және № 36 (жобалық атауы) көшелердің қиылысында жапсарлас салынған орынжайлары бар көп пәтерлі тұрғын үй кешендері».

Тұрғын үй кешенінің құрылыс алаңы Есіл өзенінің сол жақ жағалауында, Мәңгілік ел мен Ұлы Дала көшесінің қиылысында және жақын маңайда ҚР Президенті Іс басқармасының Автошаруашылығы РМК мекенжайы бойынша орналасқан.

Құрылыстың жоспарланған аяқталу мерзімі: 30.06.2019 жыл.

Тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің құны: «таза» әрлеуде 180 000 теңге.

Жайлылық сыныбы: 3

Пәтер саны: 250,

Пәтер түрі 1-бөлмелі пәтер: 70 пәтер, ең үлкен аумағы 39,97 ш.м.,

Пәтер түрі 1-бөлмелі пәтер: 2 пәтер, ең үлкен аумағы 50,76 ш.м.,

Пәтер түрі 2-бөлмелі пәтер: 40 пәтер, ең үлкен аумағы 64,58 ш.м.,

Пәтер түрі 2-бөлмелі пәтер: 88 пәтер, ең үлкен аумағы 68,46 ш.м.,

Пәтер түрі 3-бөлмелі пәтер: 30 пәтер, ең үлкен аумағы 89,49 ш.м.,

Пәтер түрі 3-бөлмелі пәтер: 20 пәтер, ең үлкен аумағы 95,42 ш.м.,

Қатысуға өтініш қабылдау мерзімі: 08.04.2019 ж. бастап 02.05.2019 ж. дейін

Ұпайлар есептелінетін күн (Үміткерлерді іріктеу):03.05.2019

Пулға қатысуға арналған өтінішті Банктің интернет-ресурсында беруге болады. Өтініш беру күні мен уақыты берілген үпайлар санына және өтініш берушілердің кезектілігіне әсер етпейді.

Өтініш тек Банк салымшыларынан қабылданады.

«Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасына қатысуға өтініш беру арқылы Банк салымшылары Нысанға және оның әрі қарайғы өткізілуіне дауыс береді.

Нысандағы тұрғын үйлердің 50%-ынан кем емесі жергілікті атқарушы органда кезекте тұрғандар арасында бөлінеді

Қатысуға өтініш берген немесе іріктеуден өткен жергілікті атқарушы органда кезекте тұрғандардың саны жеткіліксіз болған жағдайда, тұрғын үй Банк салымшыларының ішінен басқа өтініш берушілер арасында бөлінеді.

Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, Банктің Байланыс орталығына 300 нөмірі арқылы (ұялы телефоннан тегін) хабарласуыңызды өтінеміз.

Бұл туралы бөлісіңіз:

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру