Қазақстанның Отбасы банкі жаңалықтары
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Нұр-Сұлтан қаласындағы нысан бойынша біліктіліктен өту қажеттілігі туралы хабарландыру

Нұр-Сұлтан қаласындағы нысан бойынша біліктіліктен өту қажеттілігі туралы хабарландыру

3 июля 2020
Құрметті салымшылар!

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Нысан құрылысының аяқталуына байланысты Біліктіліктен өту қажеттілігі туралы (төлем қабілеттілігін бағалау) хабарлайды.
Нысан: Жобалық атауы Е10 және Е250 көшелерінің қиылысындағы көппәтерлі тұрғын үй кешендерінің құрылысы, №1 лот (полигон 1, 1-айқындама).
Нысан Нұр-Сұлтан (Астана) қаласы, Есіл ауданы, Қ. Мұхамедханов және Ш. Айтматов көшелерінің қиылысында орналасқан.
Тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің құны: «таза» әрлеумен: 180 000 теңге.
Пәтер саны: 208
Пәтер түрі 1, 1-бөлмелі пәтер: 90 пәтер, ең үлкен аумағы 41 ш.м.,
Пәтер түрі 2, 2-бөлмелі пәтер: 86 пәтер, ең үлкен аумағы 62,07 ш.м.,
Пәтер түрі 3, 3-бөлмелі пәтер: 16 пәтер, ең үлкен аумағы 79,06 ш.м.,
Пәтер түрі 4, 3-бөлмелі пәтер:16 пәтер, ең үлкен аумағы 93,6 ш.м.,

Біліктілік мерзімі (төлем қабілеттілігін бағалау): 07.07.2020 бастап 06.08.2020 жылға дейін

Тұрғын үй кезеңін таңдау: 07.07.2020 бастап 20.08.2020 жылға дейін

Тұрғын үйді бөлу күні: 21.08.2020

Ғимарат қасбеттерінің фотосуретін және пәтерлердің жоспарлануын (тұрғын үй түрін көрсетуі тиіс) Банктің baspana.kz интернет-ресурсынан көруге болады.
Бөлу тәртібі Банктің baspana.kz интернет- ресурсында көрсетілген.
Біліктілігі үшін құжаттар тізімі (төлем қабілеттілігін бағалау) Банктің baspana.kz интернет-ресурсында көрсетілген.
Біліктіліктен өту үшін өтініш берушілердің тізімін Банктің baspana.kz интернет-ресурсында көрсетілген.
Біліктілік мерзімі өткен жағдайда Банк Біліктілік құжаттарын қабылдамайды.






Бұл туралы бөлісіңіз:

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру