Нашар көретіндерге арналған нұсқа
«Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы аясында «Кредиттік тұрғын үй құрылысы» бағыты бойынша пулсыз (конкурссыз) пәтерлерді сату туралы хабарлама!

«Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы аясында «Кредиттік тұрғын үй құрылысы» бағыты бойынша пулсыз (конкурссыз) пәтерлерді сату туралы хабарлама!

25 октября 2021 Нысан коды: 1571

Құрметті салымшылар!

«Отбасы банк» Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі АҚ (әрі қарай - Банк) «Кредиттік тұрғын үй құрылысы» бағыты бойынша пулсыз пәтерлерді сату туралы хабарлайды.

Нысан: Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Зачаганск кенттік округі, Зачаганск кенті, Солидарности көшесі, 25 үй мекенжайы бойынша орналасқан «БҚО Орал қаласы Зашаған кентінің монолитті-қаңқа схемасы бойынша 9 қабатты №50 көппәтерлі тұрғын үй салу (сыртқы инженерлік желілерсіз)».

Объект коды: 1571

Құрылыстың жоспарланған аяқталу мерзімі: 31.12.2020 ж.
1 ш/метрінің бағасы таза әрлеуде: 140 000 теңге.

Пәтер саны: 1 (бір)
2-бөлмелі пәтер түрі: 1 пәтер, ең жоғарғы аудан 63,29 шаршы метр.

Пулсыз пәтерлерді сату «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасына қатысу үшін өтініштер қабылдау мерзімі: 27 қазан 2021 ж. сағ. 10:00-нан сағ. 19:00-ге дейін. (Нұр-сұлтан қ. уақытымен). 

Брондау мерзімі 2021 ж. 27 қазанда сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін (Нұр-Сұлтан қ. уақытымен).                                                                                                   

Брондауға өтініш қабылдаудың шарты, депозитте жинақ сомасы тұрғын үй құнының кем дегенде 5 (бес) % мөлшерінде болуы тиіс.

Біліктілік кезеңі (төлем қабілеттілігін растау): тұрғын үйді брондаған уақыттан бастап 5 (бес) жұмыс күні.

Өтініштер Банктің салымшыларынан, ЖАО кезекте тұрмағандардан, ЖАО кезегінде тұрғандардан да, соның ішінде «Бақытты отбасы» бағытында, келесі санаттар бойынша қабылданады:

1) мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар;
2) көп балалы отбасылар;
3) толық емес отбасылар.

Өтініштер Банктің Otbasybank.kz интернет-ресурсында қабылданады.

Тікелей сатылымға ұсынылған өтінімдерді тарату шарттарымен, өтініш берушілерге қойылатын талаптарды, құрылыс нысанының сипаттамасы, оның ішінде ғимарат қасбеттерінің фотосуреттері мен тұрғын үйдің орналасуын қарау, Банктің интернет-ресурсында Otbasybank.kz және/немесе www.hcsbk.kz «Қолжетімді баспана» бөлімінде толығырақ танысуға болады.

Бұл туралы бөлісіңіз:

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру