«Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша» өтініштер қабылдау басталды

«Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша» өтініштер қабылдау басталды

17 января 2020
Құрметті салымшылар!

«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ несиелік тұрғын үй бағыты бойынша «Нұрлы жер» Бағдарламасына қатысуға өтініштерді қабылдау туралы хабарлайды.

Нысан: Тараз қаласы, Сүлейменов көшесінің соңында орналасқан 60-пәтерлі тұрғын үй құрылысы, 1 жер телімі, 4-ші белгі, коды 1331.

Құрылыстың аяқталу / аяқталған мерзімі: 2019 жылдың желтоқсан айы.

Барлығы: 60 пәтер!

Тұрғын үйдің 1 ш.м. бағасы: «таза» әрлеуде 140 000 теңге.

Жайлылық класы: 3
Пәтер түрі 1: 15 пәтер, ең жоғарғы аудан 42,13 шаршы метр
Пәтер түрі 2: 15 пәтер, ең жоғарғы аудан 56,04 шаршы метр
Пәтер түрі 3: 30 пәтер, ең жоғарғы аудан 73,42 шаршы метр

Бағдарламаға қатысуға өтініш қабылдау мерзімі: 2020 жылғы 21 қаңтардан бастап 19 ақпанға дейін

Өтінішті Банк филиалына немесе Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы «Жеке кабинетте» беруге болады.
Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, Құрылыс нысанының сипаттамасымен, соның ішінде ғимарат қасбетін және пәтерлердің жоспарлануын Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсында егжей-тегжейлі танысып, көруге болады.



Өтініштер Банк салымшыларынан ғана қабылданады.






Бұл туралы бөлісіңіз:

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру