«Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша өтініштер қабылдау басталды

«Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша өтініштер қабылдау басталды

13 августа 2020
Құрметті салымшылар!

«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ несиелік тұрғын үй бағыты бойынша «Нұрлы жер» Бағдарламасына қатысуға өтініштерді қабылдау туралы хабарлаймыз.

Нысан: Қостанай қаласы, Әуежай ықшам ауданындағы №39 көппәтерлі тұрғын үй, нысан коды 1383.

Құрылыстың аяқталу мерзімі: 2019 жыл, желтоқсан айы

Тұрғын үйдің 1 ш.м. бағасы: «таза» әрленгенде 140 000,00 теңге.

Барлығы: 24 пәтер!

Пәтер түрі 1: 24 пәтер (1 бөлм.), ең жоғарғы аудан 39,41 м2

Бағдарламаға қатысуға өтініш қабылдау мерзімі: 2020 жылы «18» тамыздан бастап 2020 жылы «28» тамызға дейін.
Броньға өтінімдерді қабылдау үшін, тұрғын үй құнының 20% -ынан кем емес мөлшерінде жинақ шотында тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы болуы тиіс.

Біліктілік кезеңі (төлем қабілеттілігін бағалау) тұрғын үйді брондау сәтінен бастап 5 (бес) жұмыс күні.

Өтінішті baspana.kz. Банк интернет –ресурсы арқылы беруге болады.
Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, Құрылыс нысанының сипаттамасымен, соның ішінде ғимарат қасбетін және пәтерлердің жоспарлануын Банктің www.hcsbk.kz интернет ресурсында Қолжетімді баспана бөлімінде және / немесе baspana.kz. Банктің интернет-ресурсында көруге болады.


Өтініштер Банк салымшыларынан ғана қабылданады.



Бұл туралы бөлісіңіз:

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру