Қазақстанның Отбасы банкі жаңалықтары
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Маңғыстау облысында «Нұрлы жол» Бағдарламасы бойынша дауыс беру мерзімінің ұзартылғандығы туралы

Маңғыстау облысында «Нұрлы жол» Бағдарламасы бойынша дауыс беру мерзімінің ұзартылғандығы туралы

18 января 2018
Құрметті салымшылар!
«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ (әрі қарай - Банк) «Жергілікті атқару органдары арқылы несиелік тұрғын үй салу» бағыты бойынша «Нұрлы жол» Бағдарламасына қатысуға өтініштерді қабылдау арқылы тұрғын үй құрылыс жобаларына дауыс беру мерзімін 2018 ж. 01 ақпанына дейін ұзартқанын хабарлайды (әрі қарай - ЖАО) (әрі қарай - Бағдарлама).
Нысан: 24-пәтерлі төрт қабатты тұрғын үй құрылысы», Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, Маңғыстау селосы мекен-жайы бойынша орналасқан. Барлығы 48 пәтерлі тұрғын үй. Объект коды – 322.
Тұрғын үйдің 1 ш.м. бағасы: 100 000,00 «таза» әрлеудегі теңге
Жайлылық класы: IІІ
Пәтер саны: 26
1-бөлмелі пәтер түрі: 13 пәтер, максималды көлемі – 46,4 ш.м.
2-бөлмелі пәтер түрі: 9 пәтер, максималды көлемі – 64,3 ш.м.
3-бөлмелі пәтер түрі, 4 пәтер, максималды көлемі – 64,9 ш.м.
Объект келісілген жағдайда, Баллдарды есептеу күні (Үміткерлерді таңдау): 02.02.2018ж.
Өтінішті Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы «Жеке кабинет/Интернет-банк» беруге болады. Өтінішті берген күн мен уақыты өтініш берушінің иеленген баллдары мен кезектілігіне әсер етпейді.
Өтініштер Банк салымшыларынан ғана қабылданады.
Объектіде тұрғын үйдің кемінде 50% ЖАО кезекте тұрған азаматтар арасында таратылады.
Қатысуға өтініш берген немесе біліктіліктен өткен, ЖАО кезекте тұрған азаматтар саны жеткіліксіз болған жағдайда, тұрғын үй Банк салымшылары қатарынан басқа өтініш берушілер арасында таратылады.
«Нұрлы жол» Бағдарламасына қатысуға өтініш беру арқылы Банк салымшылары Объектіге және оның әрі қарай жүзеге асырылуына дауыс береді. Банкке ұсынылған өтініштерді қабылдау мерзімі аяқталған уақытта:
- Банктің ішкі құжаттарына сәйкес анықталатын салымшылардың өтініштер саны Объектіні келісу үшін жеткілікті болған жағдайда, ұсынылған өтініштер бойынша ұпайларды есептеу жүргізіледі,
- Банктің ішкі құжаттарына сәйкес анықталатын салымшылардың өтініш саны жеткіліксіз болған жағдайда, ұсынылған өтініштер автоматты түрде күшін жояды.
Өтініштерді қабылдау күні аяқталған мерзімінде Банктің ішкі құжаттарына сәйкес салымшылар өтініштерінің жалпы саны Банкке келісу үшін өтініштерді жеткіліксіз ұсынылған жағдайда, берілген өтініштер автоматты түрде жойылады.
Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, Құрылыс нысанының сипаттамасымен, соның ішінде ғимарат қасбетін және пәтерлердің жоспарлануын Банктің www.hcsbk.kz интернет ресурсында «Қолжетімді тұрғын үй» бөлімінде егжей-тегжейлі танысып, көруге болады.
Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, Банктің Колл-орталығына 300 (ұялы телефон арқылы тегін) номері бойынша хабарласуыңызды сұраймыз.
Бұл туралы бөлісіңіз:

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру