Интернет-банк

baspana.kz

Консультанттар

Бөлімшелер мен терминалдар

Регион

Маңғыстау облысындағы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің 540 салымшысы «Нұрлы жер» бағдарламасының аясында үй алады

Маңғыстау облысындағы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің 540 салымшысы «Нұрлы жер» бағдарламасының аясында үй алады

26 Января 2018
Мемлекеттік бағдарламаның алғашқы 455 қатысушысы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкімен («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) сатып алу-сату келісім-шартын бекітіп, жаңа пәтерге көшіп кіруге дайын. Үйлер Ақтау қаласындағы «Айрақты» тұрғын үй кешенінде орналасқан. Таза әрлеудегі пәтерлердің 1 шаршы метрінің бағасы 154 510-163 618 теңге аралығында.
  
Бұл үйлерді жеңілдетілген бағамен сатып алу үшін банк салымшыларына шотқа 30% көлеміндегі ең төменгі бастапқы жарна жинау немесе салу қажет болды. Бұл – «Нұрлы жер» бағдарламасының талабы. Мысалы, бағасы 7 млн теңге болатын бір бөлмелі пәтерді сатып алу үшін Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіндегі шотқа 2 100 000 теңге жинау қажет еді. Бұл жағдайда алғашқы үш жыл ішіндегі ай сайын төленетін сома 60 800 теңге, ал үш жылдан кейін 56 800 теңгені құрайды.

- Баспаналы болғандардың жартысы, дәлірек айтқанда 253 адам шоттарына қажет соманың 50%-ын жинап, пәтерлерді аса тиімді шарттармен сатып ала алады. Жетпейтін соманы банк жылдық мөлшерлемесі 5% болатын заем түрінде берді. Бұл – тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесінің артықшылықтарын жақсы білетін, тәртіпке үйренген, мақсатына жете білетін жандар. Тағы 202 салымшы депозиттерінде 30% көлеміндегі ең төменгі бастапқы жарнаны жинай алды. Олар да жеңілдетілген талаптармен заем алды, бұл жолда көмекке «Нұрлы жер» бағдарламасы келді, - деп түсіндірді Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі басқарма төрайымының орынбасары Құралай Әлімова.
Бүгін ол Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжановпен бірге Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі салымшыларын жаңа қоныстарымен құттықтады.

Пәтер кілтін алғандардың арасында банк салымшысы Жанат Базарбаева да бар. Ол үш бөлмелі үйдің иесі атанып отыр. Осы күнге жету үшін Жанаттың отбасы бірлесіп 5 жыл бойы ақша жинаған екен. Нәтижесінде Базарбаевтардың шотында 4 млн теңгенің басы құралған. Бұл сома алғашқы жарна ретінде іске жарапты, қазір банк салымшысы жұбайымен және үш оқушы ұлымен көшуге дайындалуда.

- 15 жыл бойы пәтер жалдадық, ай сайын 80 000-100 000 теңгеден төлеп жүрдік. Осыған қарамастан мақсат қойып, өз үйімізге деп ақша жинадық. Ата-анамыз көмектесті, мемлекет сыйлықақысы мен өз сыйақысын қосып отырған банк те қолдау білдірді, өзіміз де үнемдеп, депозитке барынша көп ақша салып жүрдік. Алдына мақсат қойған адам міндетті түрде сол мақсатына жетеді. Біздің отбасы – мұның дәлелі, - дейді Жанат Базарбаева.
Барлығы Маңғыстау облысында 48 925 азамат Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен шот ашып, қаражат жинап жатыр. Мұның ішінде 14 860 келісім-шарт 2017 жылы ашылған. Өткен жылдың ішінде аймақта тұратын 1000-нан астам адам Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен қолжетімді заем алып, баспаналы болды. 2018 жылы тек «Нұрлы жер» бағдарламасының аясында ғана 1100-дей пәтер пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта «Айрақты» ықшам ауданындағы пәтерлерді сатып алушылар пулына қосымша іріктеу жүріп жатыр. Өтініштер 2018 жылдың 1 ақпанына дейін қабылданады.
Ваш город ?
Да
Нет

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру

Сізбен 30 минуттан кейін хабарласады*
*жұмыс күндері сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін,
ал демалыс және мереке күндері
сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін