Қазақстанның Отбасы банкі жаңалықтары
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Қостанай қаласында қосымша конкурс өткізілетіндігі туралы

Қостанай қаласында қосымша конкурс өткізілетіндігі туралы

30 октября 2017
Құрметті салымшылар!

«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ (әрі қарай – Банк) қосымша жарыс туралы хабарлайды. «Жергілікті атқарушы органдар (Бұдан әрі - ЖАО) арқылы несиелік үйлердің құрылысы» бағыты бойынша, «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында.

Нысан: «Қостанай облысы, Қостанай қаласы, Аэропорт ауданы» мекенжайы бойынша орналасқан № 36-37-38 көпқабатты тұрғын үй (сыртқы инженерлік желілерсіз), нысан коды 378.
Құрылыстың аяқталған мерзімі: 2017 жылғы 16 тамыз.
Тұрғын үйдің 1 ш.м. бағасы: «таза» әрлеуде 139 826,1 теңге.
Жайлылық класы: IV
Пәтер саны: 12,
олардың:
Пәтер түрі 2А: екі бөлмелі, ең жоғарғы ауданы – 57,84 ш.м.
«Нұрлы жол» бағдарламасына қатысуға өтініш қабылдау мерзімі: 2017 жылғы 30 қазаннан бастап 27 қарашаға дейін.
Баллдарды есептеу күні (Үміткерлерді таңдау): 28.11.2017 ж.
Іріктеу мерзімі (төлемқабілеттілігін бағалау): 2017 жылғы 30 қарашадан бастап 14 желтоқсанға дейін.
Тұрғын үй таңдау кезеңі: 2017 жылғы 30 қарашадан бастап 26 желтоқсанға дейін
Тұрғын үйді бөлу күні: 27 желтоқсан 2017 жыл.
Өтінішті Банк филиалына немесе Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы «Жеке кабинетте» беруге болады. Өтінішті берген күн мен уақыты өтініш берушінің иеленген баллдары мен кезектілігіне әсер етпейді.
Өтініштер Банк салымшыларынан ғана қабылданады.
Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, Құрылыс нысанының сипаттамасымен, соның ішінде ғимарат қасбетін және пәтерлердің жоспарлануын Банктің www.hcsbk.kz интернет ресурсында «Қолжетімді тұрғын үй» бөлімінде егжей-тегжейлі танысып, көруге болады.

Бөлу тәртібі Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсында көрсетілген.
Іріктеу үшін құжаттар тізімі (төлемқабілеттілігін бағалау) Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсында көрсетілген.
Бұл туралы бөлісіңіз:

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру