Қазақстанның Отбасы банкі жаңалықтары
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Қостанай қаласында қосымша конкурс өткізілетіндігі туралы

Қостанай қаласында қосымша конкурс өткізілетіндігі туралы

19 октября 2017
Құрметті салымшылар!

«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі»  АҚ «Нұрлы жол» бағдарламасының «Бәйтерек девелопмент» АҚ арқылы кредиттік тұрғын үй құрылысы» бағыты бойынша қосымша конкурс өткізілетіндігі туралы хабарлайды.  
Нысан: «Қостанай облысы, Қостанай қаласы, Аэропорт шағын ауданы мекенжайы бойынша орналасқан 9-қабатты төрт тұрғын үйлердің құрылысы», нысан коды 256.
Құрылыстың аяқталған мерзімі: 2017 жылғы 25 қаңтар.
Тұрғын үйдің 1 ш.м. бағасы: «таза» әрлеуде 154 280,95 теңге.
Жайлылық класы: IV
Пәтер саны: 1,
олардың:
Пәтер түрі 1Б: бір бөлмелі, 1 пәтер, ең жоғарғы ауданы – 43,12 ш. м.
«Нұрлы жол» бағдарламасына қатысуға өтініш қабылдау мерзімі: 2017 жылғы 20 қазаннан бастап 02 қарашаға дейін.
Баллдарды есептеу күні (Үміткерлерді таңдау): 03.11.2017 ж.
Іріктеу мерзімі (төлемқабілеттілігін бағалау): 2017 жылғы 09 қарашадан бастап 22 қарашаға дейін.
Тұрғын үй таңдау кезеңі: 2017 жылғы 09 қарашадан бастап 06 желтоқсанға дейін
Тұрғын үйді бөлу күні: 07 желтоқсан 2017 жыл.
Өтінішті Банк филиалына немесе Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы «Жеке кабинетте» беруге болады. Өтінішті берген күн мен уақыты өтініш берушінің иеленген баллдары мен кезектілігіне әсер етпейді.
Өтініштер Банк салымшыларынан ғана қабылданады.
Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, Құрылыс нысанының сипаттамасымен, соның ішінде ғимарат қасбетін және пәтерлердің жоспарлануын Банктің www.hcsbk.kz интернет ресурсында «Қолжетімді баспана» бөлімінде егжей-тегжейлі танысып, көруге болады.

Бөлу тәртібі Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсында көрсетілген.
Іріктеу үшін құжаттар тізімі (төлемқабілеттілігін бағалау) Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсында көрсетілген.
Бұл туралы бөлісіңіз:

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру