Қазақстанның Отбасы банкі жаңалықтары
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Қостанай қаласында іріктеудің басталғаны туралы

Қостанай қаласында іріктеудің басталғаны туралы

8 ноября 2017
Құрметті салымшылар!

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ (бұдан әрі – Банк) Нысан құрылысының аяқталуына байланысты Іріктеуден (төлем қабілеттілігін бағалаудан) өту қажеттілігі туралы хабарлайды.
Нысан: «Қостанай қаласы, Солтүстік-Батыс шағын ауданындағы көппәтерлі тұрғын үй бөлігінің құрылысы (В,Г секциясының ЖТ б/ша № 20 үй)», нысан коды 438.
Тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің құны: «таза» әрлеуде 145 000 теңге.
Пәтер саны: 1, соның ішінде:
Пәтер түрі 3А: үш бөлмелі, 9 қабат, ең үлкен аумағы – 106,7 ш.м.

Іріктеу (төлем қабілеттілігін бағалау) мерзімі: 13 қараша 2017 жылдан бастап 12 желтоқсан 2017 жылға дейін
Тұрғын үйді таңдау кезеңі: 2017 жылғы 13 қарашадан бастап 26 желтоқсанға дейін
Тұрғын үйді бөлу күні: 27.12.2017 ж.
Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсында ғимарат қасбетінің фото-суреттерін және пәтер жоспарын көре аласыздар.
Бөлу тәртібі Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсында көрсетілген.
Іріктеу (төлем қабілеттілігін бағалау) үшін құжаттардың тізімі Банктің www.hcsbk.kz интернет ресурсында көрсетілген.
Іріктеуден өту үшін өтініш берушілердің тізімі Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсында көрсетілген.
Іріктеу мерзімі аяқталған соң Іріктеуге арналған құжаттарды Банк қабылдамайды.







Бұл туралы бөлісіңіз:

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру