Қазақстанның Отбасы банкі жаңалықтары
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Қостанай қаласында «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша қосымша байқау туралы

Қостанай қаласында «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша қосымша байқау туралы

10 июля 2018
Құрметті салымшылар!

«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ (әрі қарай – Банк) «Нұрлы жер» бағдарламасының «Тұрғын үй құрылыс жинақтар жүйесі арқылы несиелік үйлердің құрылысы» бағыты бойынша қосымша жарыс туралы хабарлайды.

Нысан: «Қостанай облысы, Қостанай қаласы, Аэропорт шағын ауданы, № 27, № 28, № 29 блоктар» мекенжайында орналасқан көп қабатты панельді тұрғын үйлердің құрылысы, нысан коды 1068.
Құрылыстың жоспарланған аяқталу мерзімі: 2018 жылғы 27 маусым.
Тұрғын үйдің 1 ш.м. бағасы: «таза» әрлеуде 140 000 теңге.
Тұрғын үй бірліктерінің саны: 32
Пәтер түрі 1, 1-бөлмелі: 32 пәтер, ең жоғарғы ауданы – 39,41 ш. м.
«Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысының Бағдарламасына қатысуға өтініш қабылдау мерзімі: 2018 жылғы 11 шілдеден бастап 02 тамызға дейін.
Баллдарды есептеу күні (Үміткерлерді таңдау): 03.08.2018 ж.
Өтінішті Банктің www.baspana.kz интернет ресурсында беруге болады.
Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, бөлу тәртібімен, Құрылыс нысанының сипаттамасымен, соның ішінде ғимарат қасбетін және пәтерлердің жоспарлануын Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсында «Қолжетімді баспана» бөлімінде және/немесе www.baspana.kz интернет ресурсында егжей-тегжейлі танысуға болады.
Өтінішті берген күн мен уақыты өтініш берушінің иеленген баллдары мен кезектілігіне әсер етпейді. Өтініштер Банк салымшыларынан ғана қабылданады.

Бұл туралы бөлісіңіз:

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру