Қазақстанның Отбасы банкі жаңалықтары
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Қостанай қаласындағы нысан бойынша іріктеудің басталғаны туралы

Қостанай қаласындағы нысан бойынша іріктеудің басталғаны туралы

13 марта 2019
Құрметті салымшылар!

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ (бұдан әрі – Банк) Нысан құрылысының аяқталуына байланысты Іріктеуден (төлем қабілеттілігін бағалаудан) өту қажеттілігі туралы хабарлайды.
Нысан: «Юбилейный шағын ауданындағы № 36 көппәтерлі тұрғын үйдің құрылысы», нысан коды 1286, орналасқан мекенжайы: Қостанай облысы, Қостанай қаласы, "Юбилейный" шағын ауданы, № 36.
Тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің құны: «таза» әрлеуде 173 750 теңге.
Пәтер саны: 35,
Пәтер түрі 1, 1-¬бөлмелі: 15 пәтер, ең жоғарғы ауданы 34.28 ш.м.
Пәтер түрі 2, 2-¬бөлмелі: 10 пәтер, ең жоғарғы ауданы 52.65 ш.м.
Пәтер түрі 3, 2-¬бөлмелі: 5 пәтер, ең жоғарғы ауданы 64.43 ш.м.
Пәтер түрі 4, 3-бөлмелі: 5 пәтер, ең жоғарғы ауданы 65.53 ш.м.

Іріктеу (төлем қабілеттілігін бағалау) мерзімі: 25 наурыз 2019 жылдан бастап 15 сәуір 2019 жылға дейін
Тұрғын үйді таңдау кезеңі: 2019 жылғы 25 наурыздан бастап 22 сәуірге дейін
Тұрғын үйді бөлу күні: 23.04.2019 ж.
Банктің www.hcsbk.kz, baspana.kz интернет-ресурсында көре аласыздар.
Бөлу тәртібімен, Іріктеу (төлем қабілеттілігін бағалау) үшін құжаттардың тізімімен, сонымен қатар ғимарат қасбетінің фото-суреттері және пәтер жоспарымен Банктің www.hcsbk.kz және/ немесе www.baspana.kz интернет-ресурсында танысуға болады.
Іріктеу мерзімі аяқталған соң Іріктеуге арналған құжаттарды Банк қабылдамайды.





Бұл туралы бөлісіңіз:

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру