Қазақстанның Отбасы банкі жаңалықтары
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Қостанай қаласында қосымша конкурс өткізілетіндігі туралы

Қостанай қаласында қосымша конкурс өткізілетіндігі туралы

12 октября 2017
Құрметті салымшылар!

«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ қосымша конкурс өткізілетіндігі туралы хабарлайды.

Нысан: «Қостанай облысы, Қостанай ауданы, Заречный ауылы, «Солтүстік» шағын ауданы, № 5, № 6 үйлер» мекенжайы бойынша орналасқан екі 48-пәтерлі тұрғын үйлер.
Құрылыстың аяқталған мерзімі: 27 қаңтар 2017 жыл.
Тұрғын үйдің 1 ш.м. бағасы: «таза» әрлеумен 128 445 теңге.
Жайлылық класы: IV
Пәтер саны: 60, олардың ішінде:
Пәтер түрі 1А: бір бөлмелі, 33 пәтер, ең жоғарғы ауданы – 41,5 ш.м.
Пәтер түрі 2Б: екі бөлмелі, 27 пәтер, ең жоғарғы ауданы – 56,5 ш.м.
«Нұрлы жол» бағдарламасына қатысуға өтініш қабылдау мерзімі: 2017 жылғы 16 қазаннан бастап 15 қарашаға дейін.
Баллдарды есептеу күні (Үміткерлерді таңдау): 16.11.2017 ж.
Іріктеу мерзімі (төлемқабілеттілігін бағалау): 2017 жылғы 22 қарашадан бастап 06 желтоқсанға дейін.
Тұрғын үй таңдау кезеңі: 2017 жылғы 22 қарашадан бастап 20 желтоқсанға дейін
Тұрғын үйді бөлу күні: 21 желтоқсан 2017 жыл.
Өтінішті Банк филиалына немесе Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы «Жеке кабинетте» беруге болады. Өтінішті берген күн мен уақыты өтініш берушінің иеленген баллдары мен кезектілігіне әсер етпейді.
Өтініштер Банк салымшыларынан ғана қабылданады.
Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, Құрылыс нысанының сипаттамасымен, соның ішінде ғимарат қасбетін және пәтерлердің жоспарлануын Банктің www.hcsbk.kz интернет ресурсында «Қолжетімді тұрғын үй» бөлімінде егжей-тегжейлі танысып, көруге болады.

Бөлу тәртібі Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсында көрсетілген.
Іріктеу үшін құжаттар тізімі (төлемқабілеттілігін бағалау) Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсында көрсетілген.
Бұл туралы бөлісіңіз:

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру