Қазақстанның Отбасы банкі жаңалықтары
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Қостанай қаласындағы нысан бойынша іріктеудің басталғаны туралы хабарлама

Қостанай қаласындағы нысан бойынша іріктеудің басталғаны туралы хабарлама

4 мая 2019
Құрметті салымшылар!

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ (бұдан әрі – Банк) Нысан құрылысының жоспарланған аяқталуына байланысты Іріктеуден (төлем қабілеттілігін бағалаудан) өту қажеттілігі туралы хабарлайды.
Нысан: «Қостанай қаласы, "Юбилейный" ықшам ауданындағы №8 тоғыз қабатты тұрғын үй», нысан коды 1375, орналасқан мекенжайы: Қостанай облысы, Қостанай қаласы, "Юбилейный" ықшам ауданы, №8 үй
Тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің құны: «таза» әрлеуде 140 000 теңге.
Пәтер саны: 144,
Пәтер түрі 1, 1-¬бөлмелі: 72 пәтер, ең жоғарғы ауданы 37,05 ш.м.
Пәтер түрі 2, 2-¬бөлмелі: 45 пәтер, ең жоғарғы ауданы 56,4 ш.м.
Пәтер түрі 3, 2-¬бөлмелі: 9 пәтер, ең жоғарғы ауданы 60,93 ш.м.
Пәтер түрі 4, 3-¬бөлмелі: 18 пәтер, ең жоғарғы ауданы 65,55 ш.м.

Іріктеу (төлем қабілеттілігін бағалау) мерзімі: 13 мамыр 2019 жылдан бастап 10 маусым 2019 жылға дейін
Тұрғын үйді таңдау кезеңі: 2019 жылғы 13 мамырдан бастап 17 маусымға дейін
Тұрғын үйді бөлу күні: 18.06.2019 ж.
Банктің www.hcsbk.kz, baspana.kz интернет-ресурсында көре аласыздар.
Бөлу тәртібімен, Іріктеу (төлем қабілеттілігін бағалау) үшін құжаттардың тізімімен, сонымен қатар ғимарат қасбетінің фото-суреттерін және пәтер жоспарын Банктің www.hcsbk.kz және/ немесе www.baspana.kz интернет-ресурсында танысуға болады.
Іріктеу мерзімі аяқталған соң Іріктеуге арналған құжаттарды Банк қабылдамайды.

Бұл туралы бөлісіңіз:

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру