Қазақстанның Отбасы банкі жаңалықтары
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Қостанай қаласында «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша қосымша байқау өткізілетіндігі туралы

Қостанай қаласында «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша қосымша байқау өткізілетіндігі туралы

15 февраля 2018
Құрметті салымшылар!

«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ (әрі қарай – Банк) «Жергілікті атқарушы органдары (Бұдан әрі - ЖАО) арқылы несиелік үйлердің құрылысы» бағыты бойынша «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында қосымша жарыс туралы хабарлайды.

Нысан: Қостанай қаласы, Аэропорт ауданы мекенжайында орналасқан № 36-37-38 көпқабатты тұрғын үйлер (сыртқы инженерлік желілерсіз), нысан коды 378.
Құрылыстың аяқталған мерзімі: 2017 жылғы 16 тамыз.
Тұрғын үйдің 1 ш.м. бағасы: «таза» әрлеуде 139 826,1 теңге.
Жайлылық класы: IV
Пәтер саны: 11,
олардың:
Пул № 1, пәтер түрі: бір бөлмелі, 11 пәтер, ең жоғарғы ауданы – 39,41 ш.м.
«Нұрлы жол» бағдарламасына қатысуға өтініш қабылдау мерзімі: 2018 жылғы 15 ақпаннан бастап 01 наурызға дейін.
Баллдарды есептеу күні (Үміткерлерді таңдау): 02.03.2018 ж.
Іріктеу мерзімі (төлемқабілеттілігін бағалау): 2018 жылғы 05 наурыздан бастап 20 наурызға дейін.
Тұрғын үй таңдау кезеңі: 2018 жылғы 05 наурыздан бастап 03 сәуірге дейін.
Тұрғын үйді бөлу күні: 04 сәуір 2018 жыл.
Өтінішті Банк филиалына немесе Банктің baspana.kz интернет-ресурсындағы «Жеке кабинетте» беруге болады. Өтінішті берген күн мен уақыты өтініш берушінің иеленген баллдары мен кезектілігіне әсер етпейді.
Өтініштер Банк салымшыларынан ғана қабылданады.
Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, Құрылыс нысанының сипаттамасымен, соның ішінде ғимарат қасбетін және пәтерлердің жоспарлануын Банктің www.hcsbk.kz интернет ресурсында «Қолжетімді баспана» бөлімінде егжей-тегжейлі танысып, көруге болады.

Бөлу тәртібі Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсында көрсетілген.
Іріктеу үшін құжаттар тізімі (төлемқабілеттілігін бағалау) Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсында көрсетілген.
Бұл туралы бөлісіңіз:

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру