Қазақстанның Отбасы банкі жаңалықтары
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Алматы қ. «Өз үйім» Банк бағдарламасына қатысу үшін қосымша байқау туралы

Алматы қ. «Өз үйім» Банк бағдарламасына қатысу үшін қосымша байқау туралы

14 мая 2018
Құрметті салымшылар!

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ (бұдан әрі – Банк) «Өз үйім» бағдарламасына (бұдан әрі – Бағдарлама) қатысу үшін №2 қосымша байқау өткізілетіндігі туралы хабарлайды.
Нысан: «Алматы қаласы, Наурызбай ауданы, Шұғыла ықшам ауданы» мекенжайында орналасқан 9-қабатты көппәтерлі тұрғын үй кешені, нысан коды №328 (ПУЛ №1, №2, №3, №4).
Тапсырыс берушінің атауы «ТИМУС-construction» ЖШС.
Құрылыстың аяқталу мерзімі: аяқталды.
Тұрғын үй толық дайын күйінде және бекітілген жобаға сәйкес өткізілетін болады.
Тұрғын үйдің 1 ш.м. бағасы: «таза» әрленген түрінде 220 00 теңге.
Пәтер саны: 40, соның ішінде:
Пул № 1, пәтер типі: 1-бөлмелі, 7 пәтер, максималды алаңы – 39,60 ш.м.,
Пул № 2, пәтер типі: 1-бөлмелі, 12 пәтер, максималды алаңы – 44,89 ш.м.,
Пул № 3, пәтер типі: 2-бөлмелі, 12 пәтер, максималды алаңы – 63,70 ш.м.,
Пул № 4, тип квартир: 3-бөлмелі, 9 пәтер, максималды алаңы – 75,68 ш.м.
«Өз үйім» бағдарламасына қатысуға өтініш қабылдау мерзімі: 16.05.2018 жылдан бастап 30.05.2018 жылға дейін.
Балл есептелетін күн (Үміткерлерді іріктеу): 31.05.2018 жыл.
Біліктілік кезеңі (төлем қабілеттілігін бағалау): 05.06.2018 жылдан бастап 25.06.2018 жылға дейін.
Тұрғын үй таңдау кезеңі: 05.06.2018 жылдан бастап 04.07.2018 жылға дейін.
Тұрғын үйді бөлу күні: 05.07.2018 жыл.
«Өз үйім» бағдарламасына қатысуға өтініш беру үшін өтініш берушінің тұрғын үй құрылыс жинақ шотында кемінде 500 000 (бес жүз мың) теңге жинағы болуы тиіс.
Алдын ала тұрғын үй займын алуға өтінішті тапсыру, өтініш тапсырушының тұрғын үй құрылыс жинақ шотында таңдап алынған пәтер бағасынан кемінде 30% болған жағдайда ғана мүмкін.
Бағдарламаға қатысуға өтініш бере отырып, Банк Салымшылары Нысандағы пәтерлерді Банк салымшыларына өткізуге дауыс береді. Өтініш қабылдау аяқталған күні Банктің ішкі құжаттарына сәйкес Үміткерлердің/Резервистердің қажетті саны жеткіліксіз болған жағдайда, онда Нысанға қажетті дауыс беру саны жиналмаған деп есептелініп, Бағдарламаға қатысуға берілген өтініштер автоматты түрде жойылады.
Банктің интернет-ресурсындағы «Жеке кабинетте/Интернет банкте» өтініш беруге болады: www.hcsbk.kz. Өтініш беру күні мен уақыты берілген балл санына және өтініш берушілердің кезектілігіне әсер етпейді.
Өтініш тек қана Банк салымшыларынан қабылданады.
Құрылыс нысанының сипаттамасымен, ғимарат қасбетінің фото-суреттерімен және пәтерлердің жоспарлануымен Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсында танысуға болады.
Бөлу тәртібі Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсында көрсетілген.
Бұл туралы бөлісіңіз:

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру