Қазақстанның Отбасы банкі жаңалықтары
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Ақтөбе қ. «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша тұрғын үйді бөлу мерзімінің өзгертілуі туралы

Ақтөбе қ. «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша тұрғын үйді бөлу мерзімінің өзгертілуі туралы

30 марта 2018
Құрметті салымшылар!

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ (әрі қарай - Банк) «Нұрлы жер» бағдарламасының «Жекеменшік құрылыс салушыларды тұрғын үй салуға ынталандыру» бағытының қосымша байқау бойынша тұрғын үйді таңдау мерзімі мен бөлу күнінің өзгеруі туралы хабарлайды.

Нысан: Ақтөбе обл., Ақтөбе қ., Кобозев көшесі, №12 үй (объект коды 444) мекенжайындағы «5 қабатты тұрғын үй».

Тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің құны: «таза» әрлеуде 145 000 теңге.

Пәтер саны: 25, соның ішінде:
1-бөлмелі пәтер түрі: 4 пәтер, ең жоғарғы аудан 41,80 шаршы метр,
2-бөлмелі пәтер түрі: 3 пәтер, ең жоғарғы аудан 59,30 шаршы метр,
2-бөлмелі пәтер түрі: 2 пәтер, ең жоғарғы аудан 65,10 шаршы метр
3-бөлмелі пәтер түрі: 16 пәтер, ең жоғарғы аудан 82,7 шаршы метр

Іріктеу (төлем қабілеттілігін бағалау) мерзімі: 01.03.2018 жылдан бастап 16.03.2018 жылға дейін

Тұрғын үйді таңдау кезеңі: 01.03.2018 жылдан бастап 02.04.2018 жылға дейін
Тұрғын үйді бөлу күні: 03.04.2018 жылға дейін

Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы «Қолжетімді тұрғын үй» бөлімінде өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен толық танысуға болады. Соның ішінде ғимарат қасбетінің және пәтер жоспарының фото-суреттерін көре аласыздар.
Пәтер үйлестіру тәртібі Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсында орналасқан.




Бұл туралы бөлісіңіз:

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру