Интернет-банк

baspana.kz

Консультанттар

Бөлімшелер мен терминалдар

Регион

Қазақстанның «Ұлттық чемпиондары» Иранға өнім экспортын кеңейту мүмкіндігін талқылайды

Қазақстанның «Ұлттық чемпиондары» Иранға өнім экспортын кеңейту мүмкіндігін талқылайды

1 Февраля 2016
7 ақпанда Тегеранда ұйымдастырушысы «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі болып табылатын, Иранның өнеркәсіп, сауда және кеніштер министрлігінің, сондай-ақ Қазақстанның Ирандағы елшілігінің қолдауымен Қазақстан-Иран бизнес-форумы өтеді.

«Бәйтерек» холдингі мен Иранның Ұлттық даму қорының арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қою жоспарлануда. Құжатта компаниялардың бірлескен жұмыс басымдықтары айқындалды. Атап  айтқанда, тараптар өнеркәсіптік және инновациялық даму, ақпараттық технологиялар және экономиканың өзге де салаларында ынтымақтастық орнатады. Әріптестік екі елдің экономикалық даму жоспарларына сәйкес инвестицияларды қолдауға, сондай-ақ олардың тиімділігіне жетуге бағытталатын болады.  

Бизнес-форум барысында ҚР Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев пен «Бәйтерек» холдингі Басқармасының төрағасы Қуандық Бишімбаев ИИР өнеркәсіп, сауда және кеніштер министрі Мұхаммед Реза Нематзаде, ИИР мұнай министрі Бижан Зангане, ИИР жол және қала құрылысы министрі Аббас Ахунди, ИИР ауыл шаруашылығы министрі Махмұд Ходжати, ИИР ғылым және жаңа технологиялар вице-министрі Сорен Саттаримен кездеседі.

Бизнес-форум шеңберінде пленарлық отырыс пен В2В форматында салалық кездесулер өтеді. Қазақстан мен Иранның бизнес-қауымдастықтары экономиканың басым салаларында ынтымақтастықты жандандыру мәселелерін қарайды, сондай-ақ бірлескен коммерциялық жобаларын іске асыру кезіндегі кедергілерді жою бойынша шаралар ұсынады. «Alageum Electric», «Oxy Textile», «Масло Дел», «Eurasian Foods» және басқа да отандық компаниялар Иран нарығына экспорттық өнім жеткізілімдерін кеңейту мүмкіндігін талқылайды.

Қазақстандық делегация құрамында форум жұмысына жүзден аса қазақстандық компания, соның ішінде «Бәйтерек» холдингінің 40-тан астам әріптес-компаниясы, 4 «Ұлттық чемпион» (Caspian Beverage Holding,  Alageum Electric,  Eurasian Food Corporation,  Жігермұнайсервис), өңдеу, тамақ, машина жасау, мұнай химиясы, агроөнеркәсіп және экономиканың басқа секторларында қызметін жүзеге асыратын 40-тан астам компания қатысады. Сондай-ақ, Қызылорда, Маңғыстау, Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстары әкімдіктерінің өкілдері, ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басшылығы қатысады деп күтілуде. Иран тарапынан 200 жетекші  ирандық компаниялар өкілдерінің қатысуы жоспарланып отыр. Қатысушылардың жалпы саны 500-ден астам адамды құрайды.
Ваш город ?
Да
Нет

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру

Сізбен 30 минуттан кейін хабарласады*
*жұмыс күндері сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін,
ал демалыс және мереке күндері
сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін