Интернет-банк

baspana.kz

Консультанттар

Бөлімшелер мен терминалдар

IFC мен Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі ынтымақтастықтың бірінші кезеңін қорытындылады

IFC мен Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі ынтымақтастықтың бірінші кезеңін қорытындылады

7 Февраля 2019
Бүгін Дүниежүзілік банк тобына кіретін IFC мен Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) 2018 жылдың соңында қаржы ұйымдары арасында қол қойылған келісім шеңберіндегі банктің ағымдағы жұмысын талқылады. Аталған келісімнің мақсаты – ҚТҚЖБ үшін жаңа несиелік өнімді жасап шығару.

  

Екінші кезең барысында қолданыстағы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі өнімдерінің тізбесін жетілдіру, Қазақстандағы тұрғын үй несиесін берудің қолжетімділігін арттыру мақсатында жаңа өнімдер мен қызмет түрлерін іске қосу жоспарлануда.

-Бүгінгі күні Қазақстанда тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі баспана сатып алудың ең қолжетімді тәсілі болып саналады. Оған 1,3 млн. қазақстандық сенім артқан, ал бұл елдегі экономикалық-белсенді халықтың 13,8%-ын құрайды. Банк 172 мың қазақстандық азаматтарға тұрғын үй жағдайын жақсартуға көмектесті, - деді Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі Басқарма Төрайымы Ләззат Ибрагимова, - Банк салымшыларының арасында қоныс тойын тойлағандар санын арттыру мақсатында біз халықаралық деңгейге шығудамыз. Бұл қосымша инвестицияларды тартуға және де тұрғын үй мәселесін шешудің жаңа құралдарын ендіруге жол ашады. Мұндай ынтамақтастықтан бірінші кезекте банк салымшылары ұтады. Олар көпжылдық халықаралық тәжірибеге негізделген сапалы қызмет түрлерін алып, өз баспаналарына қол жеткізеді.

Сондай-ақ, IFC қазіргі уақытта қазақстандық банктер мен қаржы мекемелерінің әлеуеті тұрғын үйді қаржыландыру жүйесінде жоғары екендігін атап өтті.

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкімен ынтымақтастық орнату барысында IFC тұрғын үйді қаржыландыруға қатысты бүкіләлемдік ең озық тәжіриені қолданады, - деп атап өтті Орталық Азия бойынша IFC аймақтық өкілдігінің басшысы Кассандра Колберт, - Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі ұсынатын жаңа өнімдер мен қызмет түрлері еліміздегі тұрғын үйді қаржыландыру нарығының қарқынды дамуына жол ашады. Сондай-ақ, Қазақстан халқына қолжетімді ипотекалық несиені ұсынуға мүмкіндік береді, - деп қортындылады Кассандра Колберт.

IFC тұрғын үйді қаржыландыру саласындағы алдыңғы қатарлы халықаралық инвестор болып табылады және тұрғын үйді қаржыландырудың сенімді әрі аса қолжетімді нарығын дамытуға жағдай жасау үшін ең озық тәжірибе мен инвестициялық қызмет түрінің бірегей тәсілін ұсынады.

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!