Интернет-банк

baspana.kz

Консультанттар

Бөлімшелер мен терминалдар

Регион

Жаңартылған инвестдекларация бизнес үшін жұмысты жеңілдетуге және ашықтыққа бағытталған – «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ-ы

Жаңартылған инвестдекларация бизнес үшін жұмысты жеңілдетуге және ашықтыққа бағытталған – «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ-ы

21 Ноября 2016
«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ның еншілес ұйымы «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ-ы Директорлар кеңесінің бүгінгі өткен отырысында тиісті өзгерістер қабылданды.

«Бәйтерек» Холдингінің басшысы Ерболат Досаевтың төрағалығымен Директорлар кеңесі тарапынан бірқатар мәселелер қарастырылды. Директорлар кеңесі комитеттерінің құрамдары бекітілді, «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ-ның Инвестициялық декларациясы мақұлданды.

Қордың жаңартылған инвестициялық декларациясы бизнес-сектормен жұмысты жеңілдетуге және тетіктерінің ашықтығына бағытталған. Мәселен, негізгі борыштың сомасын есептен шығару Кәсіпкерлік кодексінің талаптарыны сәйкес жүзеге асырылатын болады. Инвестициялық декларацияның индустриалдық-инновациялық даму және кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу саласындағы инвестициялық жобаларды қолдау секілді өзекті мақсаттары өзгеріссіз қалды. Қордың инвестициялық қызметінің негізінде Қазақстан Республикасының тиісті заңнамасын басшылыққа алу жатады.

Отырыстың барысында тәуекелдер бойынша, Директорлар кеңесінің, Директорлар кеңесінің комитеттерінің, «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ-ның корпоративтік хатшысының 2016 жылғы 3 тоқсандағы жұмыстары жөніндегі есептер тыңдалды.

Директорлар кеңесінің тарапынан «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ-ның Ішкі аудит қызметінің 2017 жылға арналған жылдық аудиторлық жоспары және 2017 жылға арналған Аудит салаларының картасы қарастырылды.

«Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ-ы – күйзелісті активтерді қайта құрылымдау және басқару саласындағы мемлекеттік даму институты және басқарушы компания. Қор «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның еншілес ұйымы болып табылады.
Ваш город Алматы?
Да
Нет

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру

Сізбен 30 минуттан кейін хабарласады*
*жұмыс күндері сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін,
ал демалыс және мереке күндері
сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін