Қазақстанның Отбасы банкі жаңалықтары
Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Құрметті салымшылар!

12 октября 2016
«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ 2016 жылғы 20 қазаннан бастап 2016 жылғы 31 қазанға дейін «ШҚО, Семей қаласы, Театральная көшесінде орналасқан 9 қабатты 72 пәтерлік тұрғын үй объектісі бойынша (Коды-193) тұрғын үйді сатып алушылар пулына қатысуға қосымша өтініш қабылдайтындығын хабарлайды.
№3 пулдағы (3 бөлмелі пәтерлер), қалған 3 пәтерге (8 қабат - 1 пәтер, 9 қабат - 2 пәтер) өтініш қабылдау жүргізіледі. Бағасы «таза» әрлеумен 1 шаршы метрге 135 000 теңге.
Өтініш тек Банк салымшыларынан ғана қабылданады.
Банктің «ШҚО Семей қ. Ж.Шәйжүнісов 152 А көшесі» мекен-жайында орналасқан филиалында тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы тұрғын үйді сатып алушылар пулын құру тәртібімен, құрылыс нысанының суреттемесімен (соның ішінде ғимарат қасбетін және пәтерлердің жоспарлануын көру де бар) егжей-тегжейлі танысуға болады. Банк филиалының телефон нөмірі 8 (7222) 56 66 35.
Бұл туралы бөлісіңіз:

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру