Қазақстанның Отбасы банкі жаңалықтары
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
«Жергілікті атқару органдары арқылы кредиттік тұрғын үй құрылысы» бағыты бойынша «Нұрлы жол» бағдарламасына қатысуға өтініш қабылдау арқылы дауыс берудің басталуы туралы хабарлама

«Жергілікті атқару органдары арқылы кредиттік тұрғын үй құрылысы» бағыты бойынша «Нұрлы жол» бағдарламасына қатысуға өтініш қабылдау арқылы дауыс берудің басталуы туралы хабарлама

5 июля 2018
Құрметті салымшылар!
«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ (бұдан әрі – Банк) «Бәйтерек девелопмент» АҚ «Жергілікті атқару органдары (бұдан әрі – ЖАО) арқылы кредиттік тұрғын үй құрылысы» бағыты бойынша «Нұрлы жол» бағдарламасына қатысуға өтініш қабылдау арқылы тұрғын үй құрылысы жобаларын іске асыруға дауыс беру туралы хабарлайды.
Нысан: «ШҚО, Өскемен қаласында 19 тұрғын ауданы 3 тоқсанда инженерлік желілерімен көп қабатты тұрғын үйлер құрылысының. 117-118 ұстаным тұрғын үй». Орналасқан мекенжайы:: Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қ.

Құрылыстың жоспарлы аяқталу мерзімі: 30.11.2018ж..
Тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің бағасы: «таза» әрлеумен 137 000 теңге.

Жайлылық класы: III
Пәтер саны: 198
1-бөлмелі пәтер, 1 түрі: 36, максималды көлемі – 43,87-48,59 ш.м.
2-бөлмелі пәтер, 2 түрі: 36, максималды көлемі – 65,39 ш.м.
3-бөлмелі пәтер, 3 түрі: 81, максималды көлемі – 71,56-76,11 ш.м.
3-бөлмелі пәтер, 4 түрі: 45, максималды көлемі – 84 ш.м.

Жобаға қатысу үшін өтініштерді қабылдау мерзімі: 2018 жылдың 09 шілдеден бастап 08 тамызға қоса алғандағы мерзімге дейін.
Балл есептелінетін күн (Үміткерлерді іріктеу), Нысан келісілген жағдайда: 09 тамыз 2018 жыл.

Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы «Жеке кабинетте/Интернет-банкте» өтініш беруге болады. Өтініш беру күні мен уақыты берілген балл санына  және өтініш берушілердің кезектілігіне ықпал етпейді.
Өтініш тек қана Банк салымшыларынан қабылданады.

Нысандағы тұрғын үйдің кемінде 50%-ы ЖАО кезегіндегілер арасында бөлінеді.
Қатысуға өтініш берген немесе іріктеуден өткен ЖАО кезегіндегілердің саны жеткіліксіз болған жағдайда, тұрғын үй Банк салымшылары арасында басқа өтініш берушілерге бөлінеді.

Бағдарламаға қатысуға өтініш бере отырып, Банк салымшылары Нысанға, оны әрі қарай іске асыруға дауыс береді. Өтініш қабылдау аяқталған күні Банкте:
Нысанды келісу үшін салымшылардың өтініштерінің  саны (Банктің ішкі құжаттарына сәйкес анықталады) жеткілікті болса, берілген өтініштер бойынша балл есептелінетін болады;
салымшылардың өтініштерінің саны (Банктің ішкі құжаттарына сәйкес анықталады)  жеткіліксіз болса, берілген өтініштер автоматты түрде жойылады.  

Банктің www.hcsbk.kz/www.baspana.kz интернет-ресурсындағы «Қолжетімді тұрғын үй» бөлімінде өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен толық танысуға болады. Соның ішінде ғимарат қасбетінің және пәтер жоспарының фото-суреттерін көре аласыздар.
Қосымша сұрақтар туған жағдайда, 300 нөмірі арқылы (ұялы телефоннан қоңырау соғу тегін) Банктің Байланыс орталығына хабарласуыңызды өтінеміз.
Бұл туралы бөлісіңіз:

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру