Интернет-банк

baspana.kz

Консультанттар

Бөлімшелер мен терминалдар

Регион

Баспасөз-релизі: «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша Қызылорда қаласында 350 пәтердің құрылысы аяқталуда

Баспасөз-релизі: «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша Қызылорда қаласында 350 пәтердің құрылысы аяқталуда

14 Сентября 2016
«Бәйтерек» Холдингінің еншілес ұйымы «Бәйтерек девелопмент» акционерлік қоғамы қаржыландыруымен Қызылорда қаласында 350 пәтерлі жеті үйдің құрылысы аяқталуда. «Нұрлы жол» инфраструктуралық дамудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде салынған әлеуметтік баспананы пайдалануға беру үстіміздегі жылдың қазан айына жоспарланған. «Сәулет» шағын ауданында орналасқан пәтерлердің аумағы 21 мың шаршы метрден асады.
«Бәйтерек девелопмент» акционерлік қоғамының басқарушы директоры Асылжан Құртаевтың хабарлауынша, бүгінде компания Қызылорда қаласында жеке құрылыс салушылармен жалпы аумағы 96 мың шаршы метрден асатын 1470 пәтер құрылысына 7 инвестиция келісім-шартын жасасты. Бұл тұрғын үй кешендерін пайдалануға беру 2016-2017 жылдарға жоспарланған. Пәтерлер екі бағытта: «Қазақстанның Тұрғын үй жинақ банкі» акционерлік қоғамы желісімен несиелік тұрғын үй және жергілікті атқарушы органдарымен тұрғын үйді жалға беру арқылы өткізіледі. Банк салымшыларына бір шаршы метрдің бағасы 141 мыңнан 149 мың (нысанға байланысты) аралығында болады. Жалға берілетін тұрғын үй, әкімшіліктерде пәтер кезегінде тіркелген әлеуметтік жағдайы төмен категориялы азаматтарға беріледі.
Сонымен қатар, бүгінгі таңда, «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша аймақтарда салынып жатқан бірнеше нысандар құрылысы қарқынды жүріп жатыр, бірнешесі аяқталу деңгейінде. Ағымдағы жылдың аяғына дейін Қызылорда, Тараз, Шымкент, Орал, Ақтөбе және Семей қалаларында 207 мың шаршы метрден астам баспана пайдалануға беріледі деп жоспарланған.
Жалпы алғанда, бүгінгі таңда, «Бәйтерек девелопмент» акционерлік қоғамы Қазақстанның 13 аймағында құрылыс нысандарын салуға 40 келісім-шарт жасасты. Яғни, алдағы екі жылда республика бойынша жалпы аумағы 456 мың шаршы метрді құрайтын 7 500 пәтердің құрылысына бағатталған шарттарға қол қойылды.
Бүтіндей алғанда, компания 2016-2017 жылдары Қазақстан бойынша 691 мың шаршы метр тұрғын үй салуды жоспарлап отыр. Бұл дегеніңіз, тек «Бәйтерек девелопмент» желісі бойынша 38 мыңдай қазақстандықтың баспаналы болатынын білдіреді.
Еске сала кетейік, кредиттік баспана бағыты бойынша «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ («Бәйтерек» Холдингінің еншілес ұйымы) 2016 жылдың 3 қыркүйегінен 15 қыркүйегі аралығында, Қызылорда қаласының салымшыларынан салымшылардан өтініш қабылдап жатыр.

Анықтама: «Бәйтерек» Ұлттық басқару холдингі» акционерлік қоғамының еншілес ұйымдары: «Бәйтерек девелопмент» акционерлік қоғамы мен «Қазақстан Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамы, құрылыс және несиелік баспананы жүзеге асыру саласында «Нұрлы жол» инфраструктуралық дамудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының операторлары болып табылады.
Ваш город Алматы?
Да
Нет

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!