Интернет-банк

baspana.kz

Консультанттар

Бөлімшелер мен терминалдар

ЕҚҚДБ Ләззат Ибрагимованы гендерлік теңдік наградасымен марапаттады

ЕҚҚДБ Ләззат Ибрагимованы гендерлік теңдік наградасымен марапаттады

27 Мая 2016
Еуропа Қайта Құру және Даму Банкінің басшысы Сума Чакрабарти «Бәйтерек» холдингі Басқарма Төрағасының орынбасары Ләззат Ибрагимованы гендерлік теңдікті ілгерілеткені үшін наградамен марапаттады.

Сондай-ақ, ЕҚҚДБ басшысы Ләззат Ибрагимова «әйелдер басқарып отырған шағын және орта кәсіпорындарды қаржыландыруға бірдей мүмкіндік беру есебінен гендерлік теңдікті дамыту ісінде Қазақстандағы ең маңызды тұлғалардың бірі» болып табылатынын атап өтті.

«Бәйтерек» холдингінің Басқарма Төрағасының орынбасары ЕҚҚДБ басшылығына награда үшін алғысын жеткізіп, банктің Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан бағдарламалардың маңыздылығына тоқталды.

«Еліміздің Президенті Нұрсұлтан Назарбаев әйелдер бизнесінің маңыздылығына қашанда ерекше көңіл бөледі, соңғы уақытта отбасы бизнесін дамыту туралы айтып жүр. Біз жекеше коммерциялық банктер арқылы іске асырып жатқан «Бизнестегі әйелдер» бағдарламасы қазақстандық әйелдер бизнесінің табысты дамуының мысалдарын көрсетеді», - деді Ләззат Ибрагимова.

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!