Интернет-банк

baspana.kz

Консультанттар

Бөлімшелер мен терминалдар

ҚДБ Қызылорда облысының бес елді мекенін газдандыру жобасын қаржыландырады

ҚДБ Қызылорда облысының бес елді мекенін газдандыру жобасын қаржыландырады

16 Ноября 2015

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ («Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдинг» АҚ-ның еншілес ұйымы, бұдан әрі – Банк, ҚДБ) «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның Қызылорда облсының бес елді мекенін газдандыру бойынша инвестициялық жобасын (бұдан әрі – Жоба) іске асыру үшін несие желісін ашты. Жобаның жалпы құны 24,7 млрд теңге, қажетті қаражаттың 30%-дан артығы Даму Банкімен ұсынылады, несиелендіру мерзімі – 10 жылға дейін. Жоба Ұлттық қордан қорландыру есебінен индустриализацияның екінші бес жылдығы аясында іске асырылады. 


Жобаның аясында Қызылорда облысының келесі елді мекендерін газдандыруы іске асырылады: Арал қ., Байқоңыр қ., Әйтеке би кенті, Жаңақорған кенті және Шиелі кенті. Жалпы көгілдір отынмен Қызылорда облысының 190 000 тұрғыны қамтамасыз етілетін болады.


Газ елді мекендерге «Бейнеу-Бозой-Шымкент» газ құбыры арқылы келеді. Өңірде шамамен 1297 км газ құбыры, 13 газ тарату бекеті, 174 сөрелік бекеттер салынды.


«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның Бас директоры Ибулла Сердиев:   «Қызылорда облысы аграрлық-индустриалдық өңір болып табылады және елеулі экономикалық әлеуетке ие. Сонымен қатар облыста қуат ресурстарының күрделі тапшылығы сезілді. Тұрғындар мен коммуналдық кәсіпорындар тұрмыста және өндірісте қымбат сұйылтылған және балон газды, сондай-ақ көмірді пайдаланды. Бұл кәсіпкерлік қызмет пен өнеркәсіптің дамуына кедергі келтірді. Осы әлеуметтік маңызды жобаны мемлекеттің, «ҚазТрансГаз» АҚ және «Бәйтерек» холдингінің қолдауымен іске асыру өңірдің экологиялық және арзан қазақстандық кен орындарынан табиғи  газына өтуі үшін сапалы инфрақұрылымды құруға мүмкіндік береді».


«Қазақстанның даму Банкі» АҚ (ҚДБ) –Қазақстан экономикасының шикізат емес және инфрақұрылымдық секторларын жаңғырту және дамыту бойынша 2001 жылы құрылған ұлттық институт. Қызметтің негізгі бағыттары: өндірістік инфрақұрылымды және өңдеу өнеркәсібін дамыту, ел экономикасына ішкі және сыртқы инвестицияларды көтермелеу және тарту. ҚДБ индустриялық-инновациялық дамуы мемлекеттік бағдарламаларының ірі инвестициялық операторларының бірі ретінде қызмет атқарады. ҚДБ «Бәйтерек» Ұлттық басқару холдингі» АҚ-ның құрылымына кіреді.

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!