Қазақстанның Отбасы банкі жаңалықтары
Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Дауыс беру қортындысы

16 января 2017
«Нұрлы жол» бағдарламасына қатысуға өтініштер қабылдау арқылы тұрғын үй құрылысының жобасын іске асыруға салымшылардың берген дауыстарының қорытындысы

«Бәйтерек девелопмент» АҚ арқылы кредиттік тұрғын үй құрылысы» бағыты бойынша «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында Павлодар қаласы, Суворов көшесі бойында орналасқан нысан коды - 252, 9 қабатты 4 кіреберісті № 1 және №2 екі тұрғын үй құрылысы нысанына дауыс берген салымшылар үшін.

Құрметті салымшылар!

2016 жылғы 09 қарашадан бастап 09 желтоқсанға дейінгі кезеңде «Павлодар қаласы, Суворов көшесінде орналасқан 9 қабатты 4 кіреберісті № 1 және №2 екі тұрғын үй» нысаны (әрі қарай-Нысан) бойынша «Бәйтерек девелопмент» АҚ арқылы кредиттік тұрғын үй құрылысы» бағытымен «Нұрлы жол» бағдарламасына (әрі қарай-Бағдарлама) қатысуға өтініштер қабылдау арқылы тұрғын үй құрылысы жобасын іске асыру үшін «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ (әрі қарай-Банк) салымшыларының дауыс беруі өтті.

Дауыс беру қорытындысы бойынша (өтініштерді қабылдау) барлық Нысанды келісу үшін салымшылар көлемі Нысан бойынша жеткіліксіз дауыс бергені анықталды.Осыған байланысты, Банк салымшылары үшін әрі қарай тұрғын үй өткізу мүмкін емес.

Сұрақтарыңыз туындаған жағдайда, 300 нөмірі бойынша (ұялы байланыстан тегін) Банктің Байланыс-орталығына хабарласуларыңызға болады.
Бұл туралы бөлісіңіз:

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру