Қазақстанның Отбасы банкі жаңалықтары
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Екібастұз қаласында «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша қосымша конкурс туралы

Екібастұз қаласында «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша қосымша конкурс туралы

13 июня 2018
Құрметті салымшылар!

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ (әрі қарай-Банк) «Жергілікті атқарушы органдар арқылы несие тұрғын үй құрылысы» бағыты бойынша «Нұрлы жер» бағдарламасы арқылы қосымша конкурс жөнінде хабарлайды.

Нысан: : «Екібастұз қаласының 9 шағын ауданында орналасқан үш 5 қабатты 3 кіреберісті тұрғын үйлердің құрылысы».

Құрылыстың жоспарлы аяқталу мерзімі: 30.06.2018ж.
«Таза» әрленген тұрғын үйдің 1 ш.м. бағасы: 135 000 теңге.
Пәтер саны: 179
Пәтер түрі 1-бөлмелі: 30 пәтер, ең жоғарғы аумағы – 44,60 ш.м.;
Пәтер түрі 2-бөлмелі: 89 пәтер, ең жоғарғы аумағы – 54,20 ш.м.;
Пәтер түрі 3-бөлмелі: 60 пәтер, ең жоғарғы аумағы – 75,00 ш.м.;
«Нұрлы жер» Бағдарламасына қатысу үшін өтініш беру мерзімі: 15.06.2018 ж. бастап 08.07.2018 ж. дейін.
Баллдарды есептеу күні (Үміткерлерді таңдау): 09.07.2018 ж.
Өтінішті Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы «Жеке кабинетте/Интернет-банкте» беруге болады. Өтініш беру күні және уақыты өтініш берушінің иеленген баллдары мен кезектілігіне әсер етпейді.
Өтініштер Банк салымшыларынан ғана қабылданады.
Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, Құрылыс нысанының сипаттамасымен, соның ішінде ғимарат қасбетін және пәтерлердің жоспарлануын Банктің www.hcsbk.kz интернет ресурсында «Қолжетімді тұрғын үй» бөлімінде егжей-тегжейлі танысып, көруге болады.

Пәтерлерді бөлу тәртібі Банктің www.hcsbk.kz интернет ресурсында көрсетілген.

Біліктілікке (төлем қабілеттілігін бағалауға) қажетті құжаттар тізімін Банктің www.hcsbk.kz интернет ресурсында көрсетілген.



Бұл туралы бөлісіңіз:

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру