Интернет-банк

baspana.kz

Консультанттар

Бөлімшелер мен терминалдар

Регион

Баспасөз-релизі: Еліміздің барлық аймақтарында Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі салымшыларының ауласында бір мезетте 1000 көшет отырғызылды

Баспасөз-релизі: Еліміздің барлық аймақтарында Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі салымшыларының ауласында бір мезетте 1000 көшет отырғызылды

6 Мая 2017

Баспасөз-релизі

Алматы қ.                                                                                                                         06.05.2017 ж.

Еліміздің барлық аймақтарында Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі салымшыларының ауласында бір мезетте 1000 көшет отырғызылды

Бүгін еліміздің барлық аймақтарында, «Жасыл мекен» шарасының аясында Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі салымшыларының аулалары көгалдандырылды.

Игі шара бір уақытта Астана, Алматы, Павлодар, Петропавловск, Көкшетау, Орал, Атырау, Ақтөбе, Қызылорда, Тараз бен Семей қалаларында өтті. Аулаларға шырша, қарағай, қайың, терек пен қарағаштар егілді. «Жасыл Мекен» шарасына жергілікті тұрғындар, пәтер иелері кооперативтерінің мүшелері, БАҚ өкілдері, банк қызметкерлері мен Қоғамдық кеңес мүшелері қатысты.

«Аталмыш акция банктің ұжымдық әлеуметтік жауапкершілігінің ажырамас бөлігі болмақ. Бұл біздің алғашқы әлеуметтік шарамыз болмаса да, оның ішіндегі маңыздысы деп білеміз. Өйткені аулалардың көгалдануы – ел экологиясына оңды ықпал ететін нақты қадамдардың бірі. Осындай бастамалар арқылы, болашақта біздің қалалар әлемдегі ең «жасыл» қалалармен бір қатарда тұрады деп сенеміз», - деді, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Басқарма төрайымының орынбасары Жанар Жұбаниязова.

Республикалық акцияның ең ауқымды шарасы Алматыда өтті. Алатау ауданындағы «Саялы» ықшамауданында 200 жасыл желек егілді. Қазіргі таңда ықшамауданда Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы «Қолжетімді баспана-2020»  мемлекеттік бағдарламасына қатысып, үйлі болған 600 отбасы тұрады.

Шара соңында банк қызметкерлері аула балаларына арнап түрлі спорттық ойындар ұйымдастырды. Ал банк басшылығы әлеуметтік желілерде #ZhasylMeken хештегімен жарияланған үздік фотосурет авторларына бағалы сыйлықтар табыстады.

***

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы Холдингінің еншілес ұйымы және  Қазақстандағы тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін жүзеге асырушы жалғыз қаржы институты болып табылады.

БАҚ-ға арналған қосымша ақпарат:

+7 (727) 279 35 11 (ішкі 00344/00544/00271),

pr@hcsbk.kz

Ваш город ?
Да
Нет

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру

Сізбен 30 минуттан кейін хабарласады*
*жұмыс күндері сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін,
ал демалыс және мереке күндері
сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін