Қазақстанның Отбасы банкі жаңалықтары
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Жезқазған қ. «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша дауыс берудің басталғаны туралы

Жезқазған қ. «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша дауыс берудің басталғаны туралы

4 сентября 2018
Құрметті салымшылар!

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ (бұдан әрі – Банк) «Нұрлы жер» бағдарламасының «Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы кредиттік тұрғын үй құрылысы» бағыты бойынша қатысуға өтініштер қабылдау арқылы тұрғын үй құрылыс жобаларын жүзеге асыруға дауыс берудің басталғаны туралы хабарлайды.
«Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы, 74 орам, Гагарин көшесі, 70/4» мекенжайы бойынша орналасқан 5 қабатты 30 пәтерлі тұрғын үй.
Құрылыстың жоспарланған аяқталу мерзімі: 2018 жылдың желтоқсан айы.
Тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің құны: «таза» әрлеуде 100 000 теңге.
Жайлылық сыныбы: 4
Пәтер саны: 30
Пәтер түрі 2А: 10 пәтер, ең үлкен ауданы 58,4 ш.м.
Пәтер түрі 3А: 20 пәтер, ең үлкен ауданы 68,2 ш.м.
Қатысу үшін өтініштер қабылдау мерзімі: 03.09.2018 ж. бастап 01.10.2018 ж. дейін
Балл есептелінетін күн (Үміткерлерді іріктеу): 02.10.2018 ж.
Қатысуға өтінішті Банктің www.baspana.kz интернет-ресурсында беруге болады. Өтініш беру күні мен уақыты берілген балл санына және өтініш берушілердің кезектілігіне ықпал етпейді.
Өтініш тек қана Банк салымшыларынан қабылданады.
«Нұрлы жер» тұрғын үй құрылыс бағдарламасына қатысуға өтініш беру арқылы Банк салымшылары Нысанға және оның әрі қарай жүзеге асырылуына дауыс береді.
Объектідегі тұрғын үйдің кемінде 50% жергілікті атқарушы органдардың үй кезегінде тұрған азаматтарға беріледі.
Қатысуға өтініш берген немесе квалификациядан өткен жергілікті атқарушы органдардың үй кезегінде тұрған азаматтардың саны жеткіліксіз болған жағдайда, тұрғын үй Банк салымшыларынан тұратын басқа өтініш бергендерге беріледі.
Банктің www.baspana.kz интернет-ресурсында және/немесе www.hcsbk.kz интернет-ресурсының «Қолжетімді тұрғын үй» бөлімінде өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен, соның ішінде ғимарат қасбетінің фото-суреттері мен пәтерлердің жоспарымен толық танысуға болады.
Қосымша сұрақтар пайда болған жағдайда 300 нөмірі бойынша (ұялы телефоннан тегін) Банктің Колл-центріне хабарласуды сұраймыз.


Бұл туралы бөлісіңіз:

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру