Интернет-банк

baspana.kz

Консультанттар

Бөлімшелер мен терминалдар

Регион

«Бәйтерек» холдингі мемлекеттік кепілдіктің арнайы лимитін беру арқылы экспорттаушыларды қолдау көлемін кеңейтуді ұсынады

«Бәйтерек» холдингі мемлекеттік кепілдіктің арнайы лимитін беру арқылы экспорттаушыларды қолдау көлемін кеңейтуді ұсынады

5 Октября 2016
Бүгін, Үкімет отырысы барысында «Нұрлы жол» бағдарламасын іске асыру мәселесі бойынша «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Ләззат Ибрагимова өзінің баяндамасында «Нұрлы жол» бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлік субъектілерін қолдауға 2014 жылдан бері Ұлттық қор қаражатынан 545,3 млрд. теңге бөлінгенін атап көрсетті.

Соның ішінде 200 млрд. теңге өңдеу өнеркәсібінде шағын және орта кәсіпкерлікті қолдауға; 100 млрд. теңге өңдеу өнеркәсібінде ірі бизнесті қолдауға; 75 млрд. теңге индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының жобаларына; 30 млрд. теңге автоөндірушілерді қолдауға; 5 млрд. теңге жолаушылар вагондарының өндірісін қолдауға; 65 млрд. теңге экспорттаушыларды қолдауға; 70,3 млрд. теңге (из 155,3 млрд. тенге) (155,3 млрд. теңге ішінен) өңдеу өнеркәсібінде кәсіпкерлердің айналым капиталын қаржыландыруға бағытталды.

«Нұрлы Жол» бағдарламасы шеңберінде Холдингтің еншілес ұйымы «Даму» КДҚ» АҚ желісі бойынша үш траншпен, банктер арқылы 200 млрд. теңге бөлінді.

«Жаңартпалы кредит беру қағидаты ескеріліп, 292,2 млрд. теңге сомасына 1 476 жоба қаржыландырылды. Оның ішінде, қарыз алушылардың бұған дейін берілген кредиттерін төлеу есебінен ай сайын орташа 2,8 млрд. теңге босатылады, ол қаражат Бағдарламаның жаңа қатысушысына қайта беріледі», - деді Ләззат Ибрагимова.

2015 жыл ішінде 120,6 млрд. теңге жалпы сомасына 758 кәсіпкер қолданды, 2016 жылдың 8 айы ішінде 56,9 млрд. теңгеге 215 жоба қаржыландырылды.

Осы бағдарлама бойынша тамақ өнімдерінің өндірушілері абсолюттік көшбасшы болып табылады. 2016 жылдың бірінші жартыжылдығы ішінде Бағдарламаға қатысушылар 15 млрд. теңге салық төледі.

ИИДМБ жобаларын қаржыландыру мақсатында 2014 жылдың соңында Ұлттық қордан 75 млрд. теңге бөлінді. Холдингтің еншілес ұйымы «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ-ның 150 млрд. теңге көлеміндегі тартылған және жеке қаражатын ескергенде, қаржыландырудың жалпы сомасы 225 млрд. теңгеге дейін өсті.

Ләззат Ибрагимованың айтуынша, экспорттаушылардың қолдау шеңберінде жарғылық капиталын 2016 жылы 14 млрд. теңгеге және 2017 жылы 13,9 млрд. теңгеге ұлғайту жолымен Холдингтің еншілес ұйымы «ҚазЭкспортГарант» экспорттық-кредиттік сақтандыру корпорациясын нығайту жүргізілуде.

«Соңғы 3 ай ішінде «ҚазЭкспортГарант» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қосымша 2 лицензиясын ала отырып, экспорттаушыларға арналған екі жаңа өнімді іске қосты – қарыздарды сақтандыру және аванстық төлемдердің қайтарылуын сақтандыру. Бұл ҚазЭкспортГарантты қосымша капиталдандырумен қатар, 2017 жылдың өзінде-ақ сақтандырылған келісімшарттардың санын 3 есеге, 2015 жылғы 107 келісімшарттан жыл сайын 300 келісімшартқа дейін арттыруға мүмкіндік береді. Мамандандырылған кредиттік-экспорттық агенттіктердің жұмыс тәжірибесін ескере отырып, Ұлттық экономика және Қаржы министрліктермен бірлесіп, «ҚазЭкспортГарантқа» мемлекеттік кепілдіктің арнайы лимитін беру мүмкіндігін қарауды ұсынамыз, бұл экспорттаушыларды қолдау көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді», - деп мәлімдеді Ләззат Ибрагимова.
Ваш город Алматы?
Да
Нет

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!