Интернет-банк

baspana.kz

Консультанттар

Бөлімшелер мен терминалдар

Регион

«Бәйтерек» холдингі мен Астана әкімдігі ынтымақтастықты кеңейтеді

«Бәйтерек» холдингі мен Астана әкімдігі ынтымақтастықты кеңейтеді

12 Июля 2016
«Бәйтерек» холдингі мен Астана әкімдігі инвестициялар тарту, кәсіпкерлікті, қала инфрақұрылымын дамыту және жаңа технологияларды енгізу бойынша белсенді жұмысты жалғастырады.

Бұл туралы бүгін «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарма төрағасы Ерболат Досаев пен елорда әкімі Әсет Исекешев келісті. Тараптар шағын және орта бизнесті дамыту, инвестициялар тарту, тұрғын үй салу бағдарламаларын және бірлескен жұмыстың көптеген басқа бағыттарын талқылады.

Айта кетейік, Астанада индустриаландыру бағдарламасы белсенді жүзеге асырылып келеді. «Астана – жаңа қала» АЭА аумағындағы жобаларды қаржыландыру бойынша өзара іс-қимылдың зор әлеуеті бар, 2010-2014 жылдарға арналған ИИДМБ бірінші бесжылдығы аясында 22 жоба тапсырылды, 3000 жұмыс орны ашылды», - деп атап өтті Ерболат Досаев.

Бұдан өзге, «Бизнестің жол картасы-2020» Бағдарламасы қолға алынғалы жалпы 92,4 млрд. теңге сомаға барлығы 531 жоба мақұлданды. 8000-нан астам жұмыс орны сақталды, 4300 жаңа жұмыс орны құрылды.

Әкімдік пен холдинг ынтымақтастығының басты бағыттарының бірі –шағын және орта бизнесті қолдау. ЖӨӨ-дегі ШОБ-тің үлесі бойынша Астана Қазақстан бойынша бірінші орында. «Бәйтерек» холдингі аталған бағыттағы перспективалы ынтымақтастыққа арналған екі жаңа бастаманы ұсынды.

Бұдан өзге, Холдинг пен әкімдік мемлекеттік-жеке меншік әріптестік саласындағы ынтымақтастықты дамыту туралы келісті. Атап айтқанда, МЖӘ тетігін балабақшалар, ауруханалар және қаланың басқа да нысандары құрылысы барысында қолдану мәселесі талқыланды.

Жұмыстың тағы бір бағыты қолжетімді баспана салу болмақ. Сонымен, 2015 жылы «Арендалық тұрғын үй» бағыты бойынша «Қазақстандық ипотекалық компания» АҚ (ҚИК) (Холдингтің еншілес ұйымы) 10,8 млрд. теңге сомаға жалпы ауданы 56,7 мың ш.м. болатын 853 пәтер салу/сатып алуға келісім-шарттарға қол қойылды, құрылыс-монтаждау жұмыстарын аяқтау мерзімі - 2016 жылғы желтоқсан.

Сондай-ақ «Бәйтерек Девелопмент» АҚ (Холдингтің еншілес ұйымы) арендалық және несиелік тұрғын үй желісі бойынша құрылысты қаржыландыру белсенді түрде жүргізіліп жатыр (113 млрд.).

«Жергілікті атқарушы органдар арқылы несиелік тұрғын үй» бағыты бойынша әкімдік арқылы несиелік тұрғын үй құрылысын қаржыландыру айналым мерзімі 2 жылға дейінгі облигациялар шығару арқылы жүзеге асырылады. 2016 жылғы 30 маусымда «Бәйтерек Девелопмент» АҚ (Холдингтің еншілес ұйымы) Астана қаласының 1,7 млрд. теңге сомаға алғашқы облигацияларын сатып алды.

«Әкімдіктің экономика басқармасының жұмысының үйлесімділігін ерекше атап өтпекпін, ол «Қазақстан қор биржасы» АҚ алаңында алғашқы болып облигацияларды шығарып, қаражат алды», - деп атап өтті осыған қатысты Ерболат Досаев.

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі (Холдингтің еншілес ұйымы) мен Астана қ. әкімдігі арасындағы Өңірлерді дамыту бағдарламасы аясында «Халықтың барлық санаттарына арналған тұрғын үй» бағыты бойынша 3328 пәтерлік 14 тұрғын үйді салу және сатуға ынтымақтастық туралы келісімдерге қол қойылды. 2321 пәтерлік 10 үй пайдалануға берілді. Тапсырылған пәтерлерге 29 639 өтініш қабылданды. Бағдарлама жүзеге асыра бастағалы бері 2 321 тапсырылған пәтерден Астана қаласы Әкімдігіне 15 594 млн. теңге қаржы аударылды.

Астанада тұрғын үйге деген сұраныс халық тарапынан жоғары екендігін, сондай-ақ, елордалық филиалда салымдар қоржынының тез ұлғаятынын ескере келе, тұрғын үй құрылысын қаржыландыру құралдарын кеңейту мүмкіндігін қарау ұсынылды.

«Мемлекет басшысы айтқандай, Астана шағын және орта бизнесі дамыған «ақылды қалаға» айналуы тиіс. Сондықтан, инвестициялар тарту, кәсіпкерлікті қолдау мәселелері бойынша біз «Бәйтерек» холдингімен бірге іс-әрекет жоспарын, қандай бағдарламалар бойынша бірге жұмыс істейтінімізді талқыладық. Бұл ретте жеке инвестициялар мен МЖӘ тетіктерін барынша пайдаланатын боламыз», - деп атап өтті қала әкімі Әсет Исекешев.

Кеңес қорытындысы бойынша «Бәйтерек» Холдингі мен Астана әкімдігі қыркүйек айына қарай толық іс-қимыл жоспарын жасауға келісті.
Ваш город Алматы?
Да
Нет

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!