Интернет-банк

baspana.kz

Консультанттар

Бөлімшелер мен терминалдар

Регион

«Бәйтерек» холдингі экономиканың шикізаттық емес секторындағы инвестициялық жобаларды іске асыру үшін жапониялық SMBC банкінен 300 млн. доллар тартады

«Бәйтерек» холдингі экономиканың шикізаттық емес секторындағы инвестициялық жобаларды іске асыру үшін жапониялық SMBC банкінен 300 млн. доллар тартады

8 Ноября 2016
Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жапонияға ресми сапары шеңберінде «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарма Төрағасы Ерболат Досаев жапонияның жетекші даму институттары мен қаржы ұйымдарының өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізді.

Атап айтқанда, Жапония Халықаралық ынтымақтастық агенттігі (JICA), Жапония Халықарлық ынтымақтастық банкі (JBIC), Экспорт пен инвестицияларды сақтандыру жөніндегі ұйымы (NEXI) және “Sumitomo Mitsui Banking Corporation”, “Bank of Tokyo-Mitsubishi UFJ”, “J-Star Co. Ltd.”, “Japan Technology Group” және т.б. сынды ірі банктер мен инвестициялық қорлардың басшыларының қатысуымен кездесулер өткізді, оның барысында ынтымақтастықтың ағымдық және перспективалық бағыттары талқыланды.

Ресми сапардың нақты нәтижесі екі жақты құжаттарға қол қою болып отыр. Жапонияның жетекші Sumitomo Mitsui Banking Corporation (SMBC) банкінің бас офисінде Е. Досаевтың қатысуымен 300 млн. доллары сомасына ынтымақтастық жөніндегі негіздемелік келісім жасалды.

Қол жеткізілген уағдаластыққа сәйкес Холдингтің еншілес ұйымы «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Қазақстан экономикасын одан әрі дамыту үшін экспорттық-кредиттік қаржыландыру, жоғары технологиялық жабдықтар мен қосалқы жиынтықтарды жеткізуді қолдау салаларынында SMBC-мен ынтымақтастық пен өзара іс-қимылды кеңейтетін болады.

«Біз қол қойған келісім экономиканың шикізаттық емес секторында бірлескен инвестициялық ағымдық және перспективалық жобаларды іске асыру үшін қажетті қорландыруды тартуға мүмкіндік береді»,- деп атап өтті қол қойылған келісім қорытындысы бойынша Е. Досаев.

Бұдан басқа, Холдингтің еншілес ұйымдары мен жапония қаржы институттары арасында бірқатар құжаттарға қол қойылды. Айталық, «Қазақстанның Даму Банкі» мен Жапонияның “Bank of Tokyo-Mitsubishi UFJ” банкі 100 млн. АҚШ долларына дейінгі сомада қаржыландыруды ұсыну жөніндегі меморандумға қол қойды.

Сонымен бірге, «ҚазЭкспортГарант» АҚ мен NEXI, сондай-ақ «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ мен «Japan TechnologyGroup Inc.» арасында Өзара түсінушілік жөніндегі меморандумға қол қойылды.

Келіссөздер барысында екі ел арасындағы ұзақ мерзімді сауда-инвестициялық ынтымақтастықты тереңдетуге ықпал ететін бірлескен жобаларды іске асыруға жапон қаржы ұйымдары мен даму институттары қызығушылық білдіріп отырғандығы атап көрсетілді.
Ваш город Алматы?
Да
Нет

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!