Интернет-банк

baspana.kz

Консультанттар

Бөлімшелер мен терминалдар

Регион

«Бәйтерек» холдингі саудалық сақтандыру жүйесіне корей тәжірибесін қолданатын болады

«Бәйтерек» холдингі саудалық сақтандыру жүйесіне корей тәжірибесін қолданатын болады

11 Ноября 2016
«Бәйтерек» холдингі саудалық сақтандыру саласындағы кореялық жетекші ұйымдармен және даму институттарымен ынтымақтастықты тереңдетуге ниетті.

Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Корея Республикасына жасаған мемлекеттік сапары шеңберінде «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарма Төрағасы Ерболат Досаевтың кореялық «Korea Development Bank» даму банкі, Саудалық сақтандыру жөніндегі корея корпорациясы, «K-sure» сондай-ақ «Hyundai Engineering» және «SK Engineering & Construction» жетекші инжинирингтік компаниялардың басшыларымен кездесулері өтті.

Кездесулер қорытындысы бойынша «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің еншілес ұйымдары мен Корея Республикасының қаржы ұйымдары арасында ынтымақтастықты кеңейту туралы келісімдерге қол қойылды.

Атап айтқанда, «Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымдары «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ мен «ҚазЭкспортГарант» АҚ Саудалық сақтандыру жөніндегі корея корпорациясымен меморандумдарға қол қойды.

Қол қойылған меморандумдар экспортты ілгерлету және саудалық сақтандыру мен коммерциялық тәуекелдер саласындағы корей тәжірибесін беруді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

«Қол жеткізілген уағдаластықтарды орындау бойынша бірлескен жұмыс Қазақстан мен Корея арасындағы сауда-инвестициялық қарым-қатынастарды өзгертіп, байланысты күшейтеді»,- деп атап өтті «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарма Төрағасы Ерболат Досаев.

Бұдан басқа, қазақ-корея бизнес форумы барысында «Бәйтерек» холдингі өзінің еншілес ұйымы «Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры» АҚ арқылы Корея Республикасының тұрғын үй құрылысына кепілдік беру корпорациясымен Өзара түсінушілік жөніндегі меморандумға қол қойды.

Аталған құжат Қазақстанда үлестік салымдарды кепілдендіру тетігін енгізу кезінде жаңа өнімдерді, Оңтүстік Кореяның тәжіибесі мен білімін пайдалану мүмкіндігін көздейді.



Ваш город ?
Да
Нет

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру

Сізбен 30 минуттан кейін хабарласады*
*жұмыс күндері сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін,
ал демалыс және мереке күндері
сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін