Интернет-банк

baspana.kz

Консультанттар

Бөлімшелер мен терминалдар

«Бәйтерек» холдингі қазақстандық өндірушілерді жүйелі түрде қолдайды

«Бәйтерек» холдингі қазақстандық өндірушілерді жүйелі түрде қолдайды

17 Ноября 2016
Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісіндегі «Нұр Отан» партиясының фракциясы жанындағы Экономикалық саясат жөніндегі кеңес отырысы өтті. Кеңес отырысында өңдеу өнеркәсібін, экспорттық әлеуеті бар кәсіпорындарды, сондай-ақ «Made in Kazakshtan» ұлттық брендін дамыту мәселелері қозғалды. Отырыс шеңберінде «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Ләззат Ибрагимова баяндама жасады.

«Бәйтерек» холдингінің негізгі міндетінің бірі экономиканың шикізаттық емес саласына қолдау жасау арқылы экономиканы әртараптандыру болып табылады. Бұл ретте, Холдинг өңдеу өнеркәсібіндегі жобаларды, сондай-ақ экспортқа бағдарланған өнімдерді шығаратын кәсіпорындарды қолдауға ерекше назар аударуда.

«Холдингтің кешенді қолдауына ие болған «Ұлттық чемпиондар» бағдарламасына қатысушы компаниялардың табысты мысалдарының бірі «Өскемен құс фабрикасы» болып табылады. Холдингтің бағдарламасына қатысу нәтижесінде компания «Өнімділік қуаттылығы 60 мың тоннаны құрайтын Макинск құс фабрикасы құрылысы» инвестициялық жобасын іске асыру үшін қолдауға ие болды. Көрсетілген қолдау Қазақстандағы құс еті импортын 32 пайызға дейін төмендетуге мүмкіндік береді»,- деп атап өтті Ләззат Ибрагимова.

Бұдан басқа Холдинг өңдеу өнеркәсібіндегі ШОБ жобаларына жүйелі қолдау көрсетуде. Айталық, 2010 жылдан бастап кәсіпкерлік қолдаудағы негізгі рөлді «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы атқарып келеді. Онда кредиттерді субсидиялау үшін 133,2 млрд. теңге бөлінді. Бүгінде бөлінген қаражат есебінен жалпы сомасы 1,57 трлн. теңгелік 8 299 жобаға қолдау жасалды. Кепілдік берілген кредиттер 78,8 млрд. теңге сомасындағы 2 182 жобаны қамтып отыр. Қолдауға ие болған кәсіпорындардың салалық бөлігінде тамақ, химия, металлургия және машина жасау салалары көшбасшы болып табылады.

Бәйтерек холдингі ірі инвестициялық жобаларды қаржыландырумен қатар экспорттық және экспорт алдындағы кредит беруді ұсына отырып, өңдеу саласындағы экспорттаушы кәсіпорындарға қолдау жүйелі көрсетілуін қамтамасыз етіп отырғандығын атап айтуға болады.

«Осы мақсаттарда «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының желісі бойынша 2015-2016 жылдары Қазақстан Республикасының Ұлттық Қорынан Қазақстанның Даму Банкіне 65 млрд. теңге бөлінді. Соның ішінде бөлінген қаражат есебінен Банк 103,8 млрд. теңге сомасындағы 22 экспорттық операцияны қаржыландыруды мақұлдады. Ағымдағы жағдайда аталған жобалар бойынша 89,6 млрд. теңге игерілді. Қолдауға шикізаттық емес өнімдерді экспорттаушы ірі кәсіпорындар ие болды. Холдингтің тікелей қолдауы нәтижесінде 2015 жыл және 2016 жылдың 1-жартыжылдығы ішінде жалпы сомасы 90 млрд. теңгені құрайтын отандық локамативтер, аккумуляторлар, электрлік трансформаторлар, өңделген металдар, май өнімдері, кондитерлік өнімдер мен алкогольсіз сусындар экспорты қамтамасыз етілді»,- деді Холдингтің Басқарма Төрағасының орынбасары.

«Бәйтерек холдингі отандық экспортшыларға кешенді қолдау көрсету үшін қажыландыруды жүргізумен қатар өзінің еншілес ұйымы ҚазЭкспортГарант қызметін нығайту бойынша шешім шығарды. Сіздердің қолдау көрсетулеріңіздің нәтижесінде ҚазЭкспортГарант жарғылық капиталы 2016 жылы 14 млрд. теңгеге және 2017 жылы 13,9 млрд. теңгеге ұлғайтылатын болады»,- деді Ләззат Ибрагимова.

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!