Интернет-банк

baspana.kz

Консультанттар

Бөлімшелер мен терминалдар

Регион

«Бәйтерек» холдингі және «SREI Infrastructure Finance» үнді компаниясы инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруда ынтымақтастық орнатуға келісті

«Бәйтерек» холдингі және «SREI Infrastructure Finance» үнді компаниясы инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруда ынтымақтастық орнатуға келісті

8 Июля 2015

Тиісті уағдаластыққа Үндістанның Премьер-Министрі Нарендр Модидің Астанаға сапары алдында қол жеткізілді. Уағдаластықты Өзара түсіністік туралы меморандумында бекіту жоспарланады, құжат егжей-тегжейлі пысықталғаннан кейін, оған «Бәйтерек» холдингі мен «SREI Infrastructure Finance» компаниясының басшылығы қол қояды.

Атап айтқанда, тараптар экономикалық ынтымақтастықты ынталандыру мақсатында инфрақұрылымдық даму мәселелері бойынша компаниялар арасында ақпаратпен алмасуға, сондай-ақ тұрақты негізде консультациялар жүргізуге, ынтымақтастықтың ағымдағы және перспективалы мәселелерін талқылауға келісті.  

«Бәйтерек» холдингі және «SREI Infrastructure Finance» компаниясы екіжақты экономикалық ынтымақтастықтың дамуына кедергі келтіретін тосқауылдарды жою бойынша ұсыныстарды әзірлейді деп жоспарланады.   

Уағдаластық тұжырымдамалық негіздемені әзірлеуден бастап, пайдалануға тапсыру кезеңін қоса алғанда, инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру саласында кәсіби тәжірибемен алмасуды да көздейді.

Сондай-ақ, тараптар қол қойылған құжат аясында бірлесіп қаржыландырумен ғана шектелмей, жаңа инвестициялық жобалар бойынша бірлесіп жұмыс істеуге келісті. 

Үндістан Премьер-Министрінің Қазақстанға сапары шеңберінде үнді компанияларының өкілдері «Бәйтерек» холдингі және оның еншілес ұйымдарының қызметімен де танысты. «Бәйтерек» холдингі Басқарма Төрағасының орынбасары Алина Алдамберген Қазақстан-Үндістан бизнес форумында сөз алып, қонақтар мен қатысушыларға Холдинг қызметі туралы айтып берді.  

«Жалпы, 2014 жыл табысты болды. Біздің активтеріміз - 12,7 млрд. долларды, табысымыз - 934,6 млн. долларды, таза кіріс – 223,7 млн. теңгені құрады. Fitch Ratings және S&P халықаралық рейтинг агенттіктері Бәйтерек холдингіне “BBB+” және “BBB” ұзақ мерзімді кредит рейтингтерін берді. Өткен жылы бір 15 кәсіпорынды пайдалануға тапсырдық, оның нәтижесінде шамамен 2 400 жұмыс орны ашылды», - деп атап өтті форумда сөз алған А. Алдамберген.   

2014 жылы Холдинг халықаралық қаржы ұйымдары мен банктерден 2,2 млрд. доллар шетелдік инвестицияларды тартты.

Сондай-ақ, А. Алдамберген үндістандық әріптестерін Қазақстан аумағында перспективалы жобаларды іске асыруға қатысуға шақырды.  

 

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 22 мамырдағы Жарлығына сәйкес құрылды. Холдингті құру мақсаты ұлттық экономиканы дамыту мен әртараптандыру, инвестицияларды тарту, кластерлерді дамыту және оның еншілес ұйымдарындағы корпоративтік басқару жүйесін жетілдіру болып табылады. Холдингке кіретіндер: «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ, «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ, «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ, «Қазақстандық ипотекалық компания» АҚ, «ҚазЭкспортГарант» АҚ, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ, «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ, «Kazyna Capital Management», АҚ, «Бәйтерек девелопмент» АҚ, «Қазақстанның ипотекалық кредиттерге кепілдік беру қоры» АҚ және «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын сүйемелдеу орталығы» ЖШС. Холдинг осы компаниялардың акцияларының мемлекеттік пакетіне иелік ету және оларды пайдалану құқығына ие.

 

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ баспасөз қызметі, т. 8(7172) 919205, 919206, сайты: www.baiterek.gov.kz

 

«Srei Infrastructure Finance Limited» компаниясы – көпбейінді корпорация (Үндістан), оның басты бизнесі капиталды қажет ететін инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыру бойынша қызмет көрсету болып табылады.  

Компания Үндістанның мынадай инфрақұрылымдық салаларда жетекші позицияларды иеленуде: телекоммуникациялар, көлік инфрақұрылымын дамыту, электр энергиясының дистрибуциясы, энергетика және құрылыс үшін жабдықты жалға беру, сумен қамту және суландыру.

Ваш город Алматы?
Да
Нет

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!