Интернет-банк

baspana.kz

Консультанттар

Бөлімшелер мен терминалдар

Регион

«Бәйтерек» Холдингі «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша 275 алматылыққа кезекті жаңа қонысты қамтамасыз етті

«Бәйтерек» Холдингі «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша 275 алматылыққа кезекті жаңа қонысты қамтамасыз етті

18 Сентября 2015

«Бәйтерек» Холдингі  қазақстандықтарды әлеуметтік жалдамалы тұрғын үймен қамтамасыз ету бағдарламасы  шеңберінде Алматы қаласында жалпы көлемі 19 195 шаршы метр 275 пәтерді «Ақкент» тұрғын үй кешенінде пайдалануға беруді қамтамасыз етті. 

Пәтерлердің кілттерін табыс ету жөніндегі салтанатты іс-шара Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбектің, «Бәйтерек» Холдингінің басшысы Қуандық Бишімбаевтың, «Бәйтерек» Холдингінің еншілес компаниясы «Қазақстан ипотекалық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы Азамат Ибадуллаевтың қатысуымен өтті.

Тұрғын үй кешеніндегі барлық пәтерлер толық  әрленген, тұруға дайын. Тұрғын үйдің 1 шаршы метрін жалдау құны 1 120 теңгеден аспайды.

Бүгінгі күні Холдинг жалдамалы тұрғын үймен 1300 алматылық отбасын қамтамасыз етті. Жыл аяғына дейін Алматыда тағы да 526 пәтер пайдалануға берілетін болады. Осылайша, ағымдағы жылдың соңына дейін  жалпы көлемі 107,8 мың шаршы метр 1817 жалдамалы пәтер  пайдалануға берілетін болады.

«Бүгінгі күні  бүкіл Қазақстан бойынша Ел Президентінің тапсырмасы бойынша қазақстандықтардың ең маңызды мәселелерінің бірі – тұрғын үй тапшылығы проблемасы біртіндеп шешілуде. «Бәйтерек» Холдингі қазірдің өзінде үлкен жұмыс атқарды -  биылғы жылдың наурыз айынан бастап,  әлеуметтік жалдамалы тұрғын үй бағдарламасы бойынша Қазақстан бойынша 4 мың пәтер пайдалануға берілді, тағы да 3 мың пәтер жыл аяғына дейін тапсырылатын болады» - деді, «Бәйтерек» Холдингінің төрағасы Қ. Бишімбаев жұма күні пәтерлердің кілттерін табыс ету рәсімінде сөйлеген сөзінде.

2015 жылы әлеуметтік жалдамалы тұрғын үй  құрылысына және сатып алуға Ұлттық қордан 92,5 млрд. теңге қаражат бөлінді. Атап өткен жөн, бүгінгі күні «Бәйтерек» Холдингі құрылысшылармен 86 млрд. теңгеге шарт жасасты. Осылайша, Ұлттық қордың қаражатын игеру толық қарқынмен жүзеге асырылуда.

Тұтас алғанда, «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасын»   іске асыру шеңберінде «Бәйтерек» Холдингі 400 мың шаршы метр тұрғын үйді сатып алуды және құрылысын салуды жоспарлап отыр, бұл бүкіл Қазақстан бойынша әлеуметтік тұрғын үймен 7000 отбасын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бүгінгі күні  Астана, Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Көкшетау, Қостанай, Семей, Тараз, Қарағанды, Ақтау, Талдықорған және Қызылорда қалаларында жалпы алаңы 226,4 мың шаршы метр 3983 пәтерді пайдалануға беру қамтамасыз етілді.

Бағдарламаны 5 жылда іске асыру барысында жалдамалы  тұрғын үйдің 1 483 мың шаршы метрін тапсыру жоспарланды. Бұл 29 пәтер деген сөз.

Ваш город Алматы?
Да
Нет

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!