Интернет-банк

baspana.kz

Консультанттар

Бөлімшелер мен терминалдар

Регион

«Бәйтерек» холдингінің қолдауымен «RG Brands Kazakhstan» өнім экспортын арттыратын болады

«Бәйтерек» холдингінің қолдауымен «RG Brands Kazakhstan» өнім экспортын арттыратын болады

8 Сентября 2015

«Бәйтерек»ҰБХ» АҚ еншілес құрылымы «Қазақстан Даму Банкі» (бұдан әрі –Банк, ҚДБ) 3 млрд. теңге көлемінде мерзімі 39 ай  «RG Brands Kazakhstan» ЖШС кредиттік желісін ашты. Мәміле  «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясаты шеңберінде өңдеу өнеркәсібі тауарларының қазақстандық экспортын қолдау мақсатында қаржыландырылады. Қаржыландыру шарттары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 271 қаулысымен бекітілді. 
Несиелік қаражаттарды компанияның  өндіріске және экспорт рыногында өнімді өткізуге байланысты  айналым капиталына, соның ішінде  шикізат, материалдар және орамалар сатып алуға  бағыттау жоспарланып отыр. 
«2015-2019 жылдары біз экспорттық сатуларды   жалпы түсімдеріміздің  25%-ына  дейін өсіруді жоспарлап отырмыз және мемлекеттің, «Бәйтерек» холдингінің тарапынан қабылданған осы шаралар, даму институттары арқылы көрсетіліп отырған көмек  өнім экспортын арттыра түсу бойынша жоспар  құруға мүмкіндік береді» - деп атап өтті «RG Brands Kazakhstan» ЖШС бас директоры Тимур Қалтаев.  
Компания осы көрсеткіштерге негізінен Еуразия экономикалық одағы елдерінде, ең алдымен, Ресей мен Қырғызстанда  сату көлемін арттыру есебінен қол жеткізуді жоспарлайды. «RG Brands Kazakhstan»
Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан, Моңғолия  елдерінде қазірден таныс. 

Анықтама үшін:  Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан қазақстандық  тауарлардың экспортын қолдауға ҚДБ желісі бойынша 2015 жылы 35 млрд. теңге бөлінді. Бұл ҚДБ-ның  «RG Brands Kazakhstan» ЖШС экспорттық операциясын қаржыландыру қарастырылған қаражат шеңберіндегі  кезекті келісімі  болады. Бұрынырақ «Өскемен титан-магний комбинаты» АҚ-ның 7 млрд. теңге көлеміндегі және «Баян сұлу» АҚ-ның 2 млрд. теңге көлеміндегі   экспорттық операциясы қаржыландырылды. 

Ваш город Алматы?
Да
Нет

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!