Интернет-банк

baspana.kz

Консультанттар

Бөлімшелер мен терминалдар

Регион

«Бәйтерек» холдингінің компаниялары тобы британдық әріптестерімен бірақатар келісімдерге қол жеткізді

«Бәйтерек» холдингінің компаниялары тобы британдық әріптестерімен бірақатар келісімдерге қол жеткізді

6 Ноября 2015

Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Ұлыбританияға ресми сапары барысында «Бәйтерек» холдингің компаниялар тобы британдық серіктестермен бірқатар келісімдерге қол жеткізді

Мәселен, холдингтің еншілес құрылымы «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ (ҚДБ) мен The Bank of Tokyo-Mitsubishi UFJ (BTMU) арасында 1 млрд. еуро сомасына бірқатар экспорттық кредиттік агенттіктердің сақтандырушылық қолдауымен тауарлар мен қызметтерді сатып алу мақсаттары үшін жобаларды қаржыландыру туралы негіздемелік келісімге қол қойылды.

Аталған келісім негізінде ҚДБ екі ел арасындағы сауда-экономикалық қатынастарды одан әрі дамытуға жәрдемдесе отырып, Ұлыбританиядан және басқа да елдерден жабдықтар/қызметтер экспортын көздейтін жобаларды қаржыландыруды жоспарлап отыр.  

ҚДБ ұзақ уақыт бойы BTMU-мен бірігіп жұмыс жасайтынын атап өткен жөн. 2010 жылы 3 жыл мерзімге 30 млн. еуро сомасына екіжақты келісімге қол қойылды. Қазіргі сәтте осы қарыз толық өтелді. Ал                      2015 жылғы наурыз айында ҚДБ клиенттерін экспорт алды қаржыландыру мақсатында 3 жыл мерзімге 10 млн. АҚШ доллары сомасына екіжақты келісім жасалды.

50 млн АҚШ доллары сомасына Кепілдік беру және залалды өтеу туралы шартты «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры және Еуропа қайта құру және даму банкі жасасты. Құжатқа «Даму» қорының Басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова және Орта Азия, Кавказ бен Моңғолия елдері бойынша қаржылық институттар департаментінің директоры Майк Тэйлор қол қойды. 

Келісімнің негізгі мақсаты екінші деңгейдегі банктер арқылы Қазақстандағы шағын және орта бизнесті қаржыландыру үшін ЕҚҚДБ-дан  50 млн. АҚШ долларын құрайтын жалпы сомаға қарыз тарту болып табылады. Сондай-ақ, осы келісім мыналарды: Қазақстан экономикасын дамытудың салалық басымдықтарын ескере отырып, даму әлеуетіне ие барлық кәсіпкерлік субъектілері үшін ұлттық валютада орта және ұзақ мерзімді қаржылындырудың қолжетімділігін қамтамасыз етуге, экономиканы әртараптандыруға және Қазақстанның шағын және орта бизнес саласының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға жәрдемдесетін болады.

«Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ (ТДЖҰА) Басқарма Төрағасы Санжар Ізтілеуов және Ұлыбританияның Корольдік инженерлік ғылым академиясының халықаралық комитет Дэвид Томлинсон Ұлыбританияда тағылымдамадан өтумен Қазақстанның озық инженерлерін таңдау бойынша бірлескен конкурс өткізу жөнінде өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.

ТДЖҰА «Innovator Capital Ltd» компаниясымен де өзара түсіністік туралы меморандум жасасты.   

Меморандум Қазақстанға қажетті технологияларды іздеу мен айқындау бағыты бойынша «ТДЖҰА» АҚ мен Innovator Capital арасында ынтымақтастық орнатуға бағытталған. Келісім шеңберінде Innovator Capital «ТДЖҰА» АҚ мен Қазақстанның кәсіпорындарына кейіннен енгізу үшін қажетті қолданыстағы технологияларға қатысты ақпаратты беруге дайын.  

Ваш город Алматы?
Да
Нет

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!