Интернет-банк

baspana.kz

Консультанттар

Бөлімшелер мен терминалдар

Регион

«Бәйтерек» холдингі Қазақстандық өндірушілер форумына қатысты

«Бәйтерек» холдингі Қазақстандық өндірушілер форумына қатысты

29 Октября 2015

«Бәйтерек» холдингі Басқарма Төрағасының орынбасары Алина Алдамберген Алматы қаласындағы Өндірушілер форумы шеңберінде өткен «Қазақстанда жасалған» көрмесінің қатысушылары алдында құттықтау сөзімен сөйледі.

Көрмеде түрлі уақытта мемлекеттік қолдауға ие болған, соның ішінде «Бәйтерек» холдингі атынан оның еншілес ұйымдарынан қолдау алған отандық өндірушілер өнімдері мен көрсетілетін қызметтерінің ең озық үлгілері көрсетілуде», - деп атап өтті А. Алдамберген.

«Қазақстанда жасалған» көрмесінде Қазақстанның түрлі өңірінен 100-ден астам компания өз тауарлары мен қызметтерін ұсынды.

Көрменің ұйымдастырушысы «Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ болды.

«Шағын және орта бизнес кәсіпорындары үшін біз банк кредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау, өңдеу өнеркәсібіндегі жобаларға кепілдік беру және оларды жеңілдікпен қаржыландыру құралдарын ұсынамыз. 2014 жылдың басынан бері 853,7 млрд. теңге сомасына 9 764 ШОБ кәсіпорындарына қолдау көрсетілді. Ұлттық қордан бөлінген қаражаттың арқасында 197,4 млрд. теңге сомасына 1 108 жоба қаржыландырылды», - деп мәлімдеді қазақстандық шағын және орта бизнесті қолдау бөлігінде «Бәйтерек» холдингі іске асырып жатқан бағыттардың бірі туралы хабардар еткен А. Алдамберген.

Сондай-ақ, Холдингтің Басқарма Төрағасының орынбасары форум қатысушыларына «Бәйтерек» холдингі компанияларының тобы қазіргі уақытта іске асырып жатқан негізгі бағыттары мен бастамалары туралы айтып берді.

Ваш город Алматы?
Да
Нет

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!