Интернет-банк

baspana.kz

Консультанттар

Бөлімшелер мен терминалдар

Регион

«Бәйтерек» холдингі, AllurGroup және PSA Peugeot Citroën отандық автомпромды дамытуда ынтымақтастық орнатуға уағдаласты

«Бәйтерек» холдингі, AllurGroup және PSA Peugeot Citroën отандық автомпромды дамытуда ынтымақтастық орнатуға уағдаласты

6 Ноября 2015

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Францияға ресми сапары шеңберінде       «Бәйтерек» холдингі автомобиль өнеркәсібін дамыту және автомобиль өнімін ілгерілету мен өткізу кезінде қолдау көрсету мүмкіндігі туралы AllurGroup және PSAPeugeot Citroën құрамына кіретін «СарыарқаАвтопром» ЖШС-мен ынтымақтастық туралы негіздемелік келісім жасасты.  

Құжатқа «Бәйтерек» холдингінің Басқарма Төрағасы Қуандық Бишімбаев, AllurGroup Директорлар кеңесінің төрағасы Андрей Лаврентьев,  PSA Peugeot Citroën тобының вице-президенті Кристоф Бержеран қол қойды.   

Келісімде Холдинг Қазақстанда «СарыарқаАвтопром»  компаниясының қуатында толық циклді режимде   PSA Peugeot Citroën автомобильдер өндірісін қаржыландыру мүмкіндігін қарастырады деп көзделген. Бұдан басқа, «Бәйтерек» холдингі автомобильдерді ілгерілету мен өткізу кезінде қолдау көрсету мүмкіндігін қарастыратын болады.    

Аталған автомобильдерді шығару орны ретінде тараптар Қостанай қаласындағы «СарыарқаАвтопром»  автоқұрастыру зауытын қарастырып отыр.

«Экономикалық ортаның өзгеруіне қарамастан, PSA Peugeot Citroën тобы ТМД өңірінде қабылданған бағытты берік ұстанады. Концерн Қазақстандағы коммерциялық және өнеркәсіптік қатысуды кеңейтуді жоспарлап отыр, оның басты кезеңі 2016 жылдың соңына белгіленген Қостанайда толық циклді өндірісті іске қосу болады. Қазақстанда толық циклді өндіріс өңірдегі топтың позицияларын нығайтуға мүмкіндік беріп қана қоймай, автоқұрамдауыштардың жеткізушілерін дамытуға және жалпы саладағы локализация деңгейін арттыруға жәрдемдесетін болады», - деп атап өтті PSA Peugeot Citroën тобының вице-президенті Кристоф Бержеран. 

Францияның автомобиль жасау саласының көпжылдық тарихы бар, сондықтан осы саладағы екіжақты өзара іс-қимылды дамыту Қазақстан үшін ерекше қызығушылық тудырады. 2013 жылы Қазақстанда іске қосылған  Peugeot өндірісі AllurGroup  зауыттарына жаңа технологияларды енгізуге, материалдық-техникалық базаны толықтыруға, тәжірибемен алмасуға және зауыт мамандарының кәсіби дайындығын арттыруға мүмкіндік берді. Бүгінгі күні қостанайлық өндіріс алаңдарының қуаттарында   Peugeot-ның бес моделі шығарылады: Peugeot 301, 2008, 3008, 508 және Peugeot Partner.

«PSA Peugeot Citroën-мен бірігіп жұмыс істеудің екі жылы ішінде біз осы концерн автомобильдерінің сапасы мен сенімділігіне көз жеткіздік, сонымен қатар әріптестеріміз автомобиль құрастырудағы мол тәжірибесімен бөлісті. Бүгін біз ірі торапты жинаудан толық циклді өндіріске көшудеміз, бұл қарқын Қазақстандағы толыққанды автомобиль саласын дамытудың қолда бар әлеуетін растайды», - деді AllurGroup Директорлар кеңесінің төрағасы  Андрей Лаврентьев.  

Қазақстандықтардың еліміздегі марканың ресми дилерлерінен отандық өндірістің  Peugeot автокөліктерін сатып алу мүмкіктерінің пайда болғанына екі жылдан асты.   

Peugeot автомобильдері Қазақстан нарығында өз аудиториясын тапты.  Peugeot 301 маркасы үлкен сұранысқа ие болып, қазақстандық өндіріс автомобильдерінің сатылымы жоғары автокөліктер үштігіне кірді. Ал Peugeot Partner үлгісін қазақстандықтар «Мини-фургон» номинациясында Қазақстанның «Жыл автокөлігі» деп таныды.   

Ваш город Алматы?
Да
Нет

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!