Интернет-банк

baspana.kz

Консультанттар

Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша «Бәйтерек» холдингінің таза пайдасы 23,6 млрд. теңгеден астамды құрады

Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша «Бәйтерек» холдингінің таза пайдасы 23,6 млрд. теңгеден астамды құрады

6 Октября 2015

2015 жылғы бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша «Бәйтерек» холдингі компаниялары тобының таза шоғырландырылған пайдасы өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда екі есеге ұлғайып, 23,6 млрд. теңгеден астамды құрады.

Шоғырландырылған қысқартылған аралық қаржылық есептіліктің шолуын тәуелсіз аудитор – «КПМГ Аудит» ЖШС растады.

Холдинг активтері өткен жылмен салыстырғанда 300 млрд. теңгеден астамға ұлғайды және шамамен 2,6 трлн. теңгені құрады.

2015 жылғы 8 ай ішінде кредиттік қоржын 1,6 трлн. теңгені құрады және 2014 жылмен салыстырғанда шамамен 350 млрд. теңгеге өсті. Сондай-ақ, инвестициялық қоржын да өсті: 2015 жылғы 8 ай ішінде «Бәйтерек» холдингі 62,6 млрд. теңге тікелей инвестицияларды бағыттады. 

Осылайша, 2015 жылы өңдеу өнеркәсібінде кредит ретінде берілген барлық қаражаттың 80%-ы – бұл Ұлттық қордан немесе сыртқы көздерден тартылған «Бәйтерек» холдингінің қаражаты деп есептеуге болады.

«Бәйтерек» холдингі компаниялары тобының жұмысы нәтижесінде 2015 жылдың басынан бастап елде 113 мың жұмыс орны ашылды және қолдау тапты.

Ваш город Алматы?
Да
Нет

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру

Сізбен 30 минуттан кейін хабарласады*
*жұмыс кестесі: жұмыс күндері -
09:00-ден 19:00-ге дейін,
сенбі: 10:00-ден 14:00-ге дейін,
демалыс және мереке күндері - демалыс