Интернет-банк

baspana.kz

Консультанттар

Бөлімшелер мен терминалдар

Қазақстандық БАҚ «Конденсат» АҚ кәсіпорнына барып шықты

Қазақстандық БАҚ «Конденсат» АҚ кәсіпорнына барып шықты

8 Сентября 2015

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның еншілес құрылымы «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ  Батыс Қазақстан облысының Бұрлы ауданында орналасқан «Конденсат» АҚ өндірістік нысанында баспасөз-турын өткізді.
Баспасөз-тур барысында журналистер әрекеттегі зауытты желдіру жүрісімен – кәсіпорынның құрылыс алаңындағы жұмыспен танысты. 
Қазіргі сәтте «Конденсат» АҚ құрылыс алаңында жоғары октанды бензин өндіру бойынша негізгі технологиялық жабдықты құрастыру жұмыстары жүргізілуде (жеткізуші - «Ventech Fabrication Services LLC» компаниясы (АҚШ)). Бұл қондырғының жылына 200 мың тоннадан астам К5 экологиялық санатты бензин шығаратын қабілеті бар.
Негізгі құрылыс алаңында 100-ден астам қазақстандық құрастыру мамандары қызмет атқарып жатқанына ерекше назар аударған жөн, 2015 жылдың қыркүйек айында шеф-монтаж жұмыстарын жүзеге асыру контракты шеңберінде шетелдік мамандардың келуі жоспарлануда.
Салмағы 1 700 000 кг компанияның негізгі жабдығы Хьюстон портынан Новороссийск портына дейін теңіз көлігімен бірнеше топтамамен жөнелтілді, содан кейін автокөлікпен кәсіпорынның құрылыс алаңына жеткізілді.
«Конденсат» АҚ-ның хабарлауы бойынша салынып жатқан нысанның шеңберінде ресурс және қуат үнемдеу бойынша озық технологияларды қолдану Кеден одағы регламентінің талаптарына жауап беретін құрамындағы зиянды заттарының мөлшері төмен болғандықтан, қоршаған ортаға әсерін төмендететін жоғары сапалы отын өндіру мүмкіндігін береді.
Ақпарат үшін: Ағымдағы жылдың маусым айында ҚДБ Еуро-5 стандарттарына сәйкес келетін АИ-92, АИ-95 маркалы бензинін өндіруге арналған өндірістік нысандардың құрылысы жобасын қаржыландыруға қатысты. Жобаның жалпы құны шамамен $200 млн құрайды, қажетті қаржыландырудың 60%-ы Даму банкімен 6 жылға дейінгі мерзімге беріледі. Жобаны іске қосу 2015 жылдың желтоқсан айына жоспарланып отыр.
Ақсай қаласындағы (БҚО) «Конденсат» АҚ-ның қазіргі мұнай өңдеу кешенінде мотор жанармайын өндірудің жобалық қуаттылығы: АИ-92 бензині – жылына 114 000 тоннаны, АИ-95 – жылына 86 000 тоннаны құрайтын болады.
Сонымен қатар, кәсіпорын жылына 198 000 тоннаға дейін тікелей айдалған газойль фракциясын (дизельді жанармайды гидротазалау қондырғысына арналған шикізат), 104 000 тонна вакуумды газойльды (каталитикалық және гидро-крекинг қондырғыларына, май шығаруға арналған шикізат), 75 000 тонна гудрон (битум шығаруға арналған шикізат) шығаруды жөнге салуды жоспарлайды. Қазіргі сәтте бензин өндіруге арналған негізгі технологиялық қондырғыларды құрастыру жүзеге асырылуда.

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!