Қазақстанның Отбасы банкі жаңалықтары
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Атырау қаласында «Өз үйім» бағдарламасы бойынша қосымша байқау басталғаны туралы

Атырау қаласында «Өз үйім» бағдарламасы бойынша қосымша байқау басталғаны туралы

11 сентября 2018
Құрметті салымшылар!
«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ (әрі қарай - Банк) «Өз үйім» бағдарламасының «Жергілікті атқару органдары арқылы несиелік тұрғын үй құрылысы» бағыты бойынша қосымша байқау өткізілетіндігі туралы хабарлайды.
Нысан: «Атырау қаласы, Береке мөлтек ауданы, (0,8 га уч.), №5,7,9 айқындама» мекенжайы бойынша орналасқан үш 60-пәтерлік тұрғын үйлер, нысан коды – 1051.
Құрылыс нысаны пайдалануға 2017 жылдың шілде айында берілді
«таза» әрлеудегі тұрғын үйдің 1 ш.м. бағасы: 143 000,00 теңге
Жайлылық класы – 3 (үшінші)
Пәтер саны: 19 (он тоғыз), оның ішінде:
Пәтер түрі: 2-бөлмелі - 19 пәтер, жалпы ауданы 63,12 шаршы метр.
Қатысуға өтініш беру мерзімі: 2018 жылғы 12 қыркүйектен бастап 23 қыркүйекке дейін (қоса алғанда).
Баллдарды есептеу күні (үміткерлерді іріктеу) – 24 қыркүйек 2018 жыл.
«Өз үйім» бағдарламасына қатысуға өтініш беру үшін Өтініш берушінің тұрғын үй құрылыс жинақ шотында 500 000,0 (Бес жүз мың) тенгеден кем емес сомада жинағы болуы шарт.

Өтінішті Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы «Жеке кабинетте/Интернет-банкте» беруге болады. Өтініш беру күні мен уақыты өтініш берушінің иеленген баллдары мен кезектілігіне әсер етпейді.
Өтініштер Банк салымшыларынан ғана қабылданады.
Аралық тұрғын үй заемын алуға өтініш беру Өтініш берушінің тұрғын үй құрылыс жинақ шотында таңдалған пәтер құнының кем дегенде 50% болған жағдайда мүмкін болады.
Алдын ала тұрғын үй заемын беруге Банктың мүмкіндігі болған жағдайда алдын ала тұрғын үй заемын алуға өтініш беру Өтініш берушінің тұрғын үй құрылыс жинақ шотында таңдалған пәтер құнының кем дегенде 20% болған жағдайда мүмкін болады.
«Жергілікті атқару органдары арқылы несиелік тұрғын үй құрылысы» бағыты бойынша:
Нысанның 50 %-дан кем емес тұрғын үй ЖАО-да кезекте тұрған азаматтар арасында бөлінеді.
Бағдарламаға қатысуға өтініш берген немесе төлемқабілеттілігін растамаған ЖАО-да кезекте тұрған азаматтардың саны жеткіліксіз болған жағдайда, тұрғын үй Банк салымшылары есебінен басқа да Өтініш берушілер арасында бөлінеді.
Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен, соның ішінде ғимарат қасбетін және пәтерлердің жоспарлануын Банктің www.hcsbk.kz интернет ресурсында «Қолжетімді тұрғын үй» бөлімінде егжей-тегжейлі танысып, көруге болады.
Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, 300 (ұялы телефоннан тегін) нөмірі бойынша Банктің Колл-орталығына хабарласуыңызға болады.
Бұл туралы бөлісіңіз:

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру