Қазақстанның Отбасы банкі жаңалықтары
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Атырау қаласында «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша іріктеуден өту қажеттілігі туралыч

Атырау қаласында «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша іріктеуден өту қажеттілігі туралыч

2 марта 2018
Құрметті салымшылар!

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ (әрі қарай – Банк) Нысан құрылысының аяқталуына байланысты Іріктеуден (төлем қабілеттілігін бағалаудан) өту қажеттілігі туралы хабарлайды.
Нысан: Атырау қаласы, Нұрсая шағын ауданы, Жерұйық тұрғын-үй кешені, 2 өткел, 1/9 үй мекенжайы бойынша орналасқан сериясы 121-у, 5 қабатты, 50 пәтерлік ірі панельді тұрғын үй», нысан коды – 1052.
«Таза» әрленген тұрғын үйдің 1 ш.м. бағасы: 220 000 теңге.
Жайлылық класы: 3 класс
Пәтер саны: 50
Пәтер типтері: 1 бөлмелі: 20 пәтер, максималды ауданы - 34,52 ш.м.;
2 бөлмелі: 20 пәтер, максималды ауданы – 61,05 ш.м.;
3 бөлмелі: 10 пәтер, максималды ауданы – 68,25 ш.м.

Негізгі және қосымша тізімдегі өтініш берушілер Іріктеуден (төлем қабілеттілігін бағалаудан) өту үшін Банк талаптарына сейкес құжаттар тапсыруы тиіс.
Іріктеу (төлем қабілеттілігін бағалау) мерзімі: 05.03.2018 жылдан бастап 05.04.2018 жылға дейін.
Тұрғын үй таңдау кезеңі: 05.03.2018 жылдан бастап 13.04.2018 жылға дейін.
Тұрғын үйді бөлу күні: 16.04.2018 жыл.
Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсында ғимарат қасбетінің фото-суреттерін және пәтер жоспарын көре аласыздар.
Бөлу тәртібі Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсында көрсетілген.
Іріктеу (төлем қабілеттілігін бағалау) үшін құжаттардың тізімі Банктің www.hcsbk.kz интернет ресурсында көрсетілген.
Іріктеуден өту үшін өтініш берушілердің тізімі Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсында көрсетілген.
Іріктеу мерзімі аяқталған соң Іріктеуге арналған құжаттарды Банк қабылдамайды.
Бұл туралы бөлісіңіз:

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру