Қазақстанның Отбасы банкі жаңалықтары
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Атырау қаласында «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша қосымша конкурс өткізілетіндігі туралы

Атырау қаласында «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша қосымша конкурс өткізілетіндігі туралы

13 февраля 2018
Құрметті Салымшылар!

«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ (әрі қарай – Банк) ««Байтерек Девелопмент» АҚ арқылы несиелік тұрғын үй құрылысы» бағыты бойынша «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша қосымша конкурс өткізілетіндігі туралы хабарлайды.

Нысан: Атырау қаласы, Балықшы тұрғын үй алабы, А.Құнанбаев көшесі, 19 үй ( дақ №1,2) мекенжайы бойынша орналасқан «Екі 9-қабатты 72 пәтерлік тұрғын үй құрылысы», коды -261.

Құрылыс 30.12.2017 ж. аяқталды.

«Таза әрленген» тұрғын үйдің 1 ш.м. құны: 182 974 теңге

Жайлылық класы: 3 класс

Пәтер саны: 78

Пәтер типі: 1- бөлмелі, саны – 60, жалпы ауданы- 49,04 ш.м.
Пәтер типі: 2-бөлмелі, саны – 11, жалпы ауданы- 63,72 ш.м.
Пәтер типі: 3- бөлмелі, саны – 7, жалпы ауданы- 76,54 ш.м.

«Нұрлы жол» бағдарламасына қатысуға өтініш беру мерзімі: 2018 жылғы 15 ақпан мен 11 наурыз (қоса алғанда) аралығы

Баллдарды есептеу күні (үміткерлерді іріктеу): 12 наурыз 2018 жыл
Іріктеу мерзімі (төлемқабілеттілігін бағалау): 2018 жылғы 15 наурыз бен 2 сәуір (қоса алғанда) аралығы

Тұрғын үй таңдау кезеңі: 2018 жылдың 15 наурыз бен 12 сәуір (қоса алғанда) аралығы

Тұрғын үйді бөлу күні: 13 сәуір 2018 жыл.

Өтінішті Банктің www.baspana.kz. интернет ресурсында беруге болады. Өтініш беру күні мен уақыты өтініш берушінің иеленген баллдары мен кезектілігіне әсер етпейді.
Өтініштер Банк салымшыларынан ғана қабылданады.
Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен, соның ішінде ғимарат қасбетін және пәтерлердің жоспарлануын Банктің www.baspana.kz. интернет ресурсында егжей-тегжейлі танысып, көруге болады.
Пәтерлерді бөлу тәртібі Банктің www.hcsbk.kz интернет ресурсында көрсетілген.
Іріктеу үшін (төлемқабілеттілігін бағалау) құжаттар тізімі Банктің www.hcsbk.kz интернет ресурсында көрсетілген.
Бұл туралы бөлісіңіз:

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру